Шымкент оқушылары түлектер кешінен бас тартып, балалар үйіне көмек көрсетті (фото)

Шымкенттегі №75 мектептің 11-сынып оқушылары түлектер кешінен бас тартты, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170525194306

Олар өзге құрдастары секілді көшеге шығып, қыдырудың орнына балалар үйіне қамқорлық жасағанды жөн көрді. Сөйтіп, Төлеби ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

20170525194314

Мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау салтанатты шарасынан кейін автобуспен бірден әлеуметтік мекемеге барды. Сөйтіп орталықтағы жарымжан балаларға тегін концерттік бағдарлама қойды. Сондай-ақ өздерімен бірге алып келген сый-сияпаттарын табыс етті. Бұл игі шараны бастама ретінде бір оқушының ата-анасы көтеріпті. Ұсынысты түлектердің барлығы бір ауыздан қолдай кеткен.

20170525194411

Айта кетейік, қазіргі таңда №7 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 3-18 жас аралығындағы 150-ден астам тәрбиеленуші бар. Мұнда еліміздің барлық аймағынан тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар келіп, білім алады, ем қабылдайды.

Жалпы, күнгейде мұндай игі шара мектеп түлектері арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның үстіне, жуырда ғана шаһар басшысы түлектерді соңғы қоңыраудан кейін көшеде көлікпен жарысып жүрулеріне тыйым салған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Өгей анасы 11 жасар Өркенді өлтіргенін мойындап, кешірім сұрады

Депутаттар жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды жабу туралы ұсыныс айтты

Қазақстанда сатылатын ресейлік шырын денсаулыққа қауіпті болып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар