Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сатылатын ресейлік шырын денсаулыққа қауіпті болып шықты

Ресейлік «Лебединский» ЖШС өндірген «Фруктовый сад» шырыны сатылымнан алынып тасталмақ.

20170525185135

«Астана мен Алматы қалалары мен облыстардың сауда нысандарында мынадай қауіпті азық-түлік өнімі сатылуы мүмкін: «Лебединский» ЖШС өндірген (Ресей Федерациясы, Липецк облысы, Лебедянь қаласы) көлемі 0,3 литр болатын пэт-бөтелкедегі «Фруктовый сад» алма-шабдалы шырыны – 2017 жылғы 25 ақпанында өндірілген, 2017 жылдың 25 тамызына дейін пайдалануға жарамды», – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті таратқан хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, әзірге жоғарыда аталған шырыннан улану оқиғасы тіркелген жоқ.

«Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы біздің аймақтық бөлімшелерге өнімнің қауіпсіздігі туралы мониторинг жүргізуге және көтерме-бөлшек сауда кәспорындарынан жоғарыда аталған өнім табылған жағдайда, оны сатылымнан алу және  санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы тапсырма келіп түсті», – деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау басқармасының басшысы Әйгерім Сәдубаева.

Оның айтуынша, Комитеттің барлық аймақтық департаменттері сауда кәсіпорындарымен жұмысты бастап кетті. Ресми деректерге сәйкес, Роспотребнадзор «Фруктовый сад» алма-шабдалы шырынының барлық партиясын кері қайтарып жатыр. Оған аталған өнімді тұтынған бала мен ересек адамның ауыз қуысының химиялық күйік алуы себеп болған.

Жіберіп алмаңыз:

Астана түбіндегі Түрген ауылында 11-сыныпты жалғыз оқушы бітіріп шықты

ЭКСПО қарсаңында ұшты күйлі жоғалған астаналық кезбелер Көкшетаудан табылды

Ақтөбе облысында мектеп мұғалімі зейнеткерді соққыға жықты

Талқылау