Депутаттар жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды жабу туралы ұсыныс айтты

Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды жабу қажет. Бүгін Сенат депутаттары Қорғаныс министрлігіне осындай ұсыныс айтты.

DSC_4654

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сенаторлар, 5 күн оқудың 1 күнінде үйренген әскери машықтары арнайы оқу орнындағыдай жоғары деңгейде болмайды деп отыр. Және де Кеңес үкіметінің сарқытындай болған үрдіс әлемнің көп елінде жоқ екен. Қазірдің өзінде 29 жоғарғы оқу орнында әскери кафедра бар. Офицер дайындауға үмітті университеттердің саны одан да көп көрінеді. Осыны алға тартқан депутаттар бүгін Қорғаныс министрі орынбасарының пікірін білмек болды.

“Қазақта сөз бар: “Шымшық сойса да қасапшы сойсын” деген. Сондықтан да әскери мамандарды негізгі әскери оқу орындары дайындау керек”, – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы.

“Бүкіл әлемде мысалы Американы алсақ, ол жерде кадрлық офицерлер тек қана 30 пайызды құрайды. Қалған 70 пайызы азаматтық оқу орындарын бітірген офицерлер. Біз қазір жыл сайын 3700 офицер шығарамыз 29 кафедрадан. Бізге мобилизациялық ресурсқа керек”, – дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

Тағы да оқыңыз:

Сыныптастар кездесуінде жердің шаңын шығарып билеген Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)

Қазақстанның 6 облысында үсік жүреді

Шымкент оқушылары түлектер кешінен бас тартып, балалар үйіне көмек көрсетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар