Шығыс Қазақстанда 8 жасар қызды өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданында 8 жасар қызды өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті 25 жастағы қала тұрғыны екен. Облыстық ІІД қыздың денесін тапқаннан кейін көп өтпей күдіктіні де ұстағанын айтты. Виктория Тойкенова 10 қараша күні жоғалып кеткеннен кейін үйіне оралмаған болатын. Оның күйген денесін үй мен шашылған қазандықты тазалап жатқан кезде, жертөледен тауып алған.
“Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастады. “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Ер адам үш метрлік кобраға үйленді
Facebook Марк Цукербергтің қайтыс болғаны туралы хабарлады
Жол сақшысының жүргізушілерге қоқан-лоқы көрсетуі көпшіліктің ызасын келтірді (видео)
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"