Сәбиін аяусыз ұрған ананың кім екені анықталды

Жұма, 11 Қараша , 2016 21:36

Бүгін  ғаламторда өзінің шамамен баласын аяусыз ұрып жатқан келіншектің  видеосы пайда болды. Жағдай Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңайындағы үйлердің бірінде болған деген болжам бар.

Снимок экрана (82)

Көрген адамның жаны түршігетін кадрларды желіге салған бойжеткен, шақалақ қыздың есімі – Айару, ал қатыгез анасының аты-жөні Айгүл Құрбанбаева деп көрсетіпті.  Тілшілер  анықтаған ақпарат бойынша,  Қарақалпақстаннан көшіп келген келіншек, өзі аяусыз төмпештеген сәбиін осы жылдың 21 қаңтары күні Қалқамандағы перзентханада босанған көрінеді. Ескертеміз – дәл қазір көрсететін кадрларды  балалар мен денсаулығы дімкәс адамдардың көруіне тыйым салынады. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Дәл осы видеоны әлеуметтік желіге салуға өтініш жасаған алматылық Жанар есімді келіншектің айтуынша, бұл кадрдағы сәбиді ұрып отырған өзінің анасы – 1987 жылы туылған Айгүл Құрбанбаева көрінеді. Жанардың айтуы бойынша, Қалқаман перзентханасына сұрау салғанымызда, 21 қаңтар күні расында да Айгүл Құрбанбаева есімді келіншектің босанғаны расталды. Бірақ ол тұрғылықты жерінің мекен-жайын нақты көрсетпепті. Яғни бұл ақпарат расталса, видеодағы шақалақ 10 айлық болуы мүмкін.

Бұл видеоны тасбауыр әйел 8 жасар қызға әдейі түсіргізген. Ол туралы видеоны алғаш болып көрген Жанар Юсупова есімді әйелге жеткіншектің өзі айтып беріпті. Тіпті, баланы ұрып жатқан өзінің туған анасы көрінеді. Қазір оқиғаның анық-қанығын құқық қорғау органдары тексеруде. Ал, адам шошырлық видео қазір интернетте де қызу талқыға түсіп жатыр. Пайдаланушылардың бірі әйелдің ұрып жатқаны сәби емес, қуыршақ десе, кейбірі тасбауыр ананы дереу жазаға тартуды талап етуде, – деп хабарлайды ктк арнасы.

«8 жасар қыз ештеңе білмейді ғой. Ол да бала. Бұл кім деп едім, біздің көрші Айгүл тәте деді. Ал, «ана қыз кім» деп едім. Айару деді. Айару видеодағы қыз екен. Баладан алдап сұрап едім, видеоны түсірген өзі екен», – дейді Жанар Юсупова.

Қазір бұл видеоны Еліміздің Бас прокуратурасы мен ІІМ криминалды полиция басқармасы жіті тексеруде.

«ІІМ ғаламторда жарияланған бейнежазбада сәбиді ұрып атқан әйелдің жеке тұлғасын анықтау үшін, барлық кажетті  шараларды қабылдап жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы толық, жан-жақты зерттелгеннен кейін, оның іс әрекетіне процесуалдық баға берілетін болады. Қазіргі күні бенежазба нақты зерттелуде», – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

57
Комментариев

Пікір қалдыру


Айнур
22 күні 23 сағат кері

“Ана”-деген аттан садаға кетсин. Видеоны кормей ак журегим ауырып кетти. Жауыз ғой мынау. Балаға обал. Қатаң жазаға тарту керек мұндай жауыздарды. Еки дуниеде де Алланың қаһарына ұшырасын. Лағынет

Анонимно
23 күні 17 сағат кері

Мына айелдин дени сау емес, ана емес мыстан бале, еси дурыс адам булай жасамайды. Осындайларга кудай перзентти бере салады. Перзентке зар болып жургендер бар.

Анонимно
24 күні 40 минут кері

Сұмдық жағыдай.менің екі жарым айлық қызым бар..кішкентай сәби ғой ол.оның жазығы не?өмірге келгені ма?мына əйелді психологке апару керек қой.ерігіп отырса жұмыс істе мей ма.сəбиді ұрғанша

Анонимно
24 күні 15 сағат кері

Адеилеп камерага тусирип уру ол кеширилмейтин куна. Ойда жок жерде бир нарсеге ашулангандада сабидин тили жок ,оны ойыншык кылып ургылау , ол ана емес Хайуан. Адил шешим шыгаратын шыгар. Али журегим ауырып жур

Анонимно
24 күні 17 сағат кері

Заман не болып барады неткен қатыгез ана, кіштентай бейкүнә сəбидің жылағанын көргенім де, көзіме еріксіз жас келді.

Анонимно
24 күні 19 сағат кері

Бұрын үлкендер айтатын, аспаннан тас түседі ақырзаман болады деп. Меніңше сол ақырзаман осы аудим! қасқырдан да жаман болдың қазіргі адамың .

Анонимно
25 күні 35 минут кері

Бундай қалпақ қаншықтарды..төрт мүшесің..яғни қол-аяқтарын..төрт атқа байлап…бөліп тастау керек…бұдан басқа шара жок!!!!!!!!есуас-мал неме…

Анонимно
25 күні 58 минут кері

журегім ауырды көріп,Қарғыс аткыр ,ана деген аттан садага кет

меку
25 күні 1 бір сағат кері

Мына каншыктарга не болган былтыр ол туа сала балаларын олтирип жолга лактырып туалетке тыстады деп енди мине бирнен сон бири бала урып видеога салады (((((

д
25 күні 1 бір сағат кері

Машинадан баласын лақтырган, ажетханага тастаган катыгез аналардың катарына косылатын айелғой бұл. Арине жазаланады бул заң тургысынан да Алладанда жазасын алары анық. Жылаған баланы жұбатқан адамға сауап жазған Алла бул айел жұбатудың орнына ұруын тоқтатар емес .Алла сақтасын…

Анонимно
23 күні 52 минут кері

Шіркін маған Аллам осындай дені сап сау періште бергенінде ғой. Балам инвалит. Бар арманым аяққа тұрғызу. Ал мына қаттынның точна есі дұрыс емес есалаң мал. Мұндайларды наместе атып тастау керек хайуан сілімтік. Байы қайда қарап жүр. Əлде байыда сондай есалаңба? Мына қатынның шешесі больницаның ішінде емес крышасында жерге қарай туасалған шығар үйткені тауықтың миындай ми жоқ екен. Қылмыстың өтеуі жаза. Ал ол болмаса Алланың өзі жазалайды.

1 2 3 5
wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар