Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдердің қолын алудан бас тартқан мұсылман жұмыстан қуылды

Швейцарияда әйел адамдардың қолын алудан бас тартқан мұсылманды жұмыстан қуды.

image

Мұсылман Хельсинборг қаласының оңтүстігінде орналасқан муниципалитетте жұмыс істеген. Оның айтуынша, ұстанған дініне сай оған бейтаныс әйел адамның қолын алуға рұқсат етілмейтін көрінеді. Ал әріптестер ер адамдармен қуана-қуана қол алысып амандасады екен.

“Мен бұл жерде практикадан өтіп жатқан мұсылманмын және өзімнің дініме қарама-қайшы әрекеттер жасағым келмейді. Мен ғана емес, кей әйел адам да бейтаныс ер адамның қолын алудан қашады”, – дейді азамат.

Алайда оны қаладағы көп адам түсінбеген. Бұл әрекетін адамдарды кемсітушілік деп бағалаған. “Бұл жігіттің әрекетін әйел әріптестері өздерін қорлау деп ұғынуда. Сіз қалаған дінді қабылдай аласыз. Бірақ жұмыс кезінде өз қызметіңізге сай талаптарды орындауға міндеттісіз”, – дейді кеңесші Мария Винберг.

Мұндай жағдай Швецияда алғаш рет емес. 2016 жылдың сәуір айында Жасылдар партиясының мүшесі Ясри Хан телешоу жүргізушісінің қолын қысудан бас тартқаны үшін жұмыстан кету туралы арыз жазуға міндетті болған.

Швейцарияда Базель-Ланд кантонының басшылары оқушыларға мұғалімдерімен қол алысып амандасуды міндеттеген. Бұл заңның енгізілуіне Тервильдегі оқиға әсер еткен. Екі оқушы мұғаліммен қол алысып амандасудан бас тартқан болатын. Себебі, ата-анасы оларға бөтен әйел адаммен қол алысып амандасуға тыйым салған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Вегетариандарға ет қосып тамақ жасап берген бас аспаз жұмыстан қуылды

Францияда мешіт қабырғаларына мұсылмандарға қарсы жазбалар жазып кетті

Обаманың мұсылман киімімен түскен суреті желі қолданушыларын қайран қалдырды (фото)

Нью-Йоркте мұсылман полицейлердің сақал өсіруіне рұқсат берілуі мүмкін

Талқылау