Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вегетариандарға ет қосып тамақ жасап берген бас аспаз жұмыстан қуылды

30 жастағы Алекс Ламберт Дербидегі Littleover Lodge отелінде жұмыс істеген. Ол вегетариандар үшін тамақ жасағанды жақсы көретінін әрі олардың қалауына ешқашан қарсылық білдірмегенін айтады.

1467962652_restoran

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Алайда Алекс бірде әлеуметтік желіде еттен жасалған тағамдарды қабылдайтын адамдардың қарым-қатынасына байланысты сыни пікір жазады. Онда ол вегетариан адамдардың тамағына ет қосып жасайтындығын айтқан. Ол пікірді өзгелерді ызаландыру үшін әдейі қалдырғанын, болмаса өмірде ол ойын жүзеге асырмайтынын айтты.

1467962606_shef-povar

Бұдан кейін жүздеген еттен бас тартқан вегетариан клиенттер қонақүй алдына келіп, бас аспаздың әрекетіне қатысты дау көтеріп, қарсылық танытады. Бұдан соң басшылық оны жұмыстан кетіруге мәжбүр болған.

“Біз Ламбертке қатысты айтылған барлық айыптауларды қарап шықтық және оның әдейі айтқандығын дәлелдейтін айғақ кездеспеді. Алайда Алекстің әлеуметтік желіде жазғаны бәрібір біздің мейрамхананың бағытына қайшы”, – деді қонақүй басшысы.

Талқылау