Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да экс-депутат зорлаған қыз өз өмірі үшін алаңдап отыр

Еленаның оқиғасы тек Шығыс Қазақстанды ғана емес, бүкіл Қазақстанды шошытты. Өйткені, қылмысқа экс-депутат күдікті болып отыр.

iznasilovanie

Бұл туралы Устинка Live хабарлайды.

Бұрынғы депутат, қыз жұмыс істеген құрылыс фирмасының қожайыны болған. Еленаның сөзінше, халық қалаулысы бастапқыда қызды өзі ыңғайына көндіруге тырысқан. Бірақ, оған бір жұмысшы кедергі болып қалады. Екінші ретте ол ақыры қызды оңашалап алып кетіп, ойын іске асырады.

Өзінің өмірі үшін алаңдап жасырынған Еленаға қазір “Немолчи.kz” сексуалды зорлыққа күрес қозғалысының басшысы Дина Смаилова көмектесіп жатыр. Смаилованың өзі былтыр Фейсбуктегі парақшасында бала кезінде зорланғанын жазған болатын. Қазір ол ерікті ретінде сексуалды зорлыққа ұшырағандарға психологиялық және заңдық көмектер беріп жүр.

Қазіргі кезде қыздың ісімен белгілі құқық қорғаушы, адвокат Айман Омарова айналысып жатыр. Ал айыпталушы ер адам қыздың әжесін мазалап, қорқытатын көрінеді.

“Мен таңғалдым. Әлі күнге сот-биологиялық сараптамасы тағайындалмаған. Бұл ең басты нәрсе емес пе?! Тергеушілердің не күтіп отырғанын білмеймін. Бірақ маған кезіккеннің бәрі күдіктінің байланысының жақсы екенін, сол себепті істің сотқа жетпеуі мүмкін екенін айтып жатыр. Бірақ біз соңына дейін күресеміз”, – дейді Омарова.

Оқи отырыңыз:

Әуежай мен вокзалдарда намазханалар қайтадан ашылатын болды

Атырауда мүгедек ата-ана егіз ұл мен қызын сабаққа жібере алмай отыр

Алматы әкімдігі балаларды өрттен құтқарған десантшыны марапаттады

Шымкенттік кондуктор зейнеткерді автобустан күштеп түсіріп жіберді (видео)

Талқылау