Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да спайс шегіп алған әйел көңілдесін өлтірген

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының 39 жастағы тұрғыны есірткі шегіп алып, көңілдесін өлтіргені үшін сегіз жарым жылға сотталды.

спайс-наркотик-ekburg.tv_

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Алтайка ауылының тұрғыны үйінде азаматтық некедегі күйеуі және немере ағасымен бірге болады. Ортақ таныстары келгенде, әйел кендірді (конопля) сүтке қайнатып отырған. Әлгі адам синтетикалық шегетін қоспа – спайс ала келіпті. Төртеуі бірге қоспаны шегіп көрген екен.  “Есірткі шегіп алған үй иесі мен көңілдесі ұрысысып қалады. Ашу үстінде әйел көңілдесінің кеудесіне пышақ салған. Ер адам сол жерде көз жұмыпты”, — деп хабарлайды басылым. Сот айыпталушыны сегіз жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда автобус салонынан жүргізушінің өлі денесі табылды

Санкт-Петербургте 32 жастағы Қазақстан азаматының өлі денесі табылды

Ақтауда командир бұйрығын қасақана орындамай қойған сарбаз тұтқынға алынды

Талқылау