ШҚО-да науқас баланың емі үшін туыстары зауытты тонап, күзетшіні жарақаттаған

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 17:54

Жарма ауданында үш ағайынды жігіті істан шыққан пневматикалық қарумен, пышақ, күрек сынды құралдармен жергілікті зауыттардың біріне ұрлыққа түсіп, ондағы күзетшіні жарақаттаған. Өздерінің айтуынша, олар 2 жастағы сал ауруымен ауыратын науқас қызының еміне ақша іздеген екен.

1437245413_1

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

31 жастағы Қалбатау ауылының тұрғыны қызына ота жасату үшін екі ағасымен келісіп, шұлықтан бетперде жасап киіп тонауға кіріскен.

Түнгі уақытта олар кәсіпорынға келіп, бірі қарумен күзетшінің басынан ұрған, пышақпен қорқытқан. Оны скотчпен байлап тастаған. Алайда, олар құнды заттарды қарауға кіріскен кезде күзетші өздігінен босап, қашуға әрекеттенген. Бірақ, үш жігіт оны ұстап алып, күрекпен ұрып, темірмен байлап тастаған. Кейіннен жәбір көршушінің басынан зақым алғаны белгілі болды.

Ағайынды азаматтар зауыттан 1 миллион теңгеге жуық тұратын электроқозғалтқыш пен станок алып шыққан. Сөйтіп, оларды 9 есе арзан бағаға сатқан. Олар өздеріне аз ғана ақша алып, қалғанын қыздың әкесіне берген. Олар ақшаны жұмсап үлгермеген. Олар 1-2 күнен соң полиция қолына түскен.

Қылмысты ұйымдастырған жігітті 7 жарым жыл, қалған екі азаматты 7 жылдан бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, қатаң ұстау түрмесінде жазасын өтеу үкімі кесілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар