Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да екі баласымен суға кеткен имамның денесі табылды

Екі апта бұрын Қара Ертіс өзеніне батып кеткен имамның денесі табылды.

Фото: ТЖД

Өңірлік төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, баланың денесін 1 тамызда тапты. Қайғылы оқиға 29 шілдеде болған еді. Имам 8 жастағы ұлын құтқармақ болып, суға секіреді. Оған 19 жастағы ұлы көмектеспек болады. Алайда өзеннің қатты ағысына төтеп бере алмай үшеуі де суға кетті.

“Кеше полицейлер мен 6 тұрғын іздеу жұмыстарын жүргізіп, 1982 жылғы ер адамныңмәйітін тапты. 1999 жылы туған баланың денесін әлі іздестіріліп жатыр”, – делінген хабаламада.

Төтенше жағдаулар департаментінің мәліметіне сәйкес, өзен суының ағысы қатты болғандықтан және суы лай болғандықтан іздеу жұмыстарына кедергі көп болуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау