Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте парамен ұсталған әкімнің бұрынғы орынбасарына қатысты сот ісі жалғасып жатыр

2024 жылдың 19 наурыз күні сот отырысында куәгер ретінде Шымкент ҰҚК басшысының экс-орынбасары М.Сарбасовтың сөзі тыңдалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Сот талқылауы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. 

Айта кетейік, Мақсұт Исахов аса ірі көлемде М.Сарбасовқа пара бермек болды деген күдікке ілінген еді.

"Бізге "Старт Строй" өкілі келіп өзінің арызын жеткізді. Бұған дейін оның ісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше рет қабылдамаған екен. Сондықтан бізге келіп жүгінген. Кәсіпкердің арызын қабылдап алып, тиісті аппаратқа жібергенбіз. Ал Исаховпен жұмыс барысында бірнеше рет кездескенбіз. Ал соңғы кезде арадағы адамдар арқылы кездескенбіз", – дейді М.Сарбасов.

Көп сұраққа күдікті М.Сарбасов "есімде жоқ" деп жауап берді.



"Басында қағазға жазып, 100 мың доллар ұсынды. Кейін 200 мың долларға көбейді. Бірақ мен жемқорлыққа қарсы күресіп жүрген адаммын. Кейін рапорт бердік", – деді М.Сарбасов.

Айта кетейік, 2023 жылдың 20 шілдесінде Мақсұт Исаховты прокуратураны үйлестіру кезінде ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады. Тергеу кезінде ол қамауға алынды. Бұрын тергеу органдары болған оқиғаның егжей-тегжейін таратпаған.

"Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүзеге асырылуда және барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Талқылау