Араб шейхтеріне Қазақстан қорықтарындағы сирек кездесетін құстарды аулауға рұқсат берілді

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 12:29

Жек дуадақты бір басы жарты миллион теңгені құрайды. Жалпы 174 құс аулауға рұқсат етілді.

862903

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстан үкіметі Біріккен Араб Әмірліктерінің үш шейхі мен бір қатар шейхіне қорықтарда жек дуадақтарды аулауға рұқсат берілді. Тиісті қаулы “Әділет” құқықтық-ақпараттық жүйесінде жарияланды.

Қаулыға сәйкес, 2016 жылғы 10 қазан – 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға саятшылық жүргізуге шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймақтары аумағында 35 (отыз бес) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 49 (қырық тоғыз) дарақ жек дуадақ;

\шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 21 (жиырма бір) дарақ жек дуадақ; шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 20 (жиырма) дарақ жек дуадақ; шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Тани (Катар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында 12 (он екі) дарақ жек дуадақ және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 37 (отыз жеті) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат беріледі. Жек дуадақты аулау ақысының мөлшерлемесі 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы өз кезегінде, ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран кұстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен Қазақстан Республикасынан әкетуді Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Қазақстанда араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып тастағанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Желіде қостанайлық 22 жастағы қыздың өлер алдында жазып қалдырған хаты жарияланды

Назарбаевтың немерелері олардың көңілін көтермек болған аниматор қызды таң қалдырды

Әлемдегі ең бақытты адам күйзелістен құтылудың жолымен бөлісті

14 жастағы жасөспірімге жын кіріп кетті (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 18 күні кері

Масқара

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар