Қазақстанда араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып тастаған

Сәрсенбі, 28 Қыркүйек , 2016 11:43

Сауд Арабиясынан келген аңшылар Жамбыл облыстық прокуратурасы мен Ішкі істер департаменті арасындағы үлкен дауға себеп болды, деп хабарлайды КТК.

5555

Тәртіп сақшылары Бетбақдалада Қызыл кітапқа енген аң-құсты жайратып жүрген екі шейхты ұстаған екен. Кейін оларды аудан прокуроры босатып жіберіпті. Жеме-жемге келгенде бай браконьерлер жазадан құтылып кеткелі тұр.

Қос арабтың қымбат көлігінен тәртіп сақшылары тұқымы сиреп бара жатқан 6 қарабауыр бұлдырығы мен бір дуадақты және тіркеуде жоқ ескі аңшы мылтығын тәркілеген. Қызыл кітапқа енген құсты өлтіргендері үшін брконьерлерге 6 млн теңге айыппұл немесе үш жылға дейін сотталуы мүмкін еді. Алайда прокурорлар полицейлердің қамауға алу шешімін негізсіз деп тауып, қаскөйлерді босатып жіберіпті. Қазір шейхтардың қайда жүргендері белгісіз. Полиция прокурорлардың мұнысын түсінбей отыр. Ал олар өздерінше ақталып әлек. Айтуларынша, шетел азаматтары жазадан құтылып кетті дегені бекер.

“Күдіктінің жасаған қылмыстық іс әрекеті орта дәрежелі санаттағы қылмыс түріне жатады. Тергеу үшін ішкі істер бөліміне келіп тұруы міндеттелді. Олардың құжаттары тергеушілердің қолында. Сондықтан ешқайда кете алмайды. Қазіргі таңда екі шетел азаматы Жамбыл облысында тұрақтаған”, – деді Жамбыл облыстық прокуратурасы 1- басқармасының аға прокуроры Абырой Азаматов.

 

Оқи отырыңыздар:

Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған полицей анықталды

Арбаға таңылған “мүгедек” жігіт адамдардың мейірімділігін тексеріп көрді

Алматыда троллейбус жүргізген әйел қарсы бетке өтіп кетіп, жүргізушілермен жанжалдасты (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Үлгі алатын мүсылмандардың жүрісін қара қуып шығу керек мүндай адамдарды

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар