Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау мекеніндегі домалақ тастар шетелдіктерді несімен қызықтырды?

Француздық зерттеушілер Қазақстанның құпияға толы даласын зерделеп көруге қызығушылық танытыпты. Олар Маңғыстау түбегіндегі ойлы-қырлы қыраттарға табанын тигізіп, ірі-ірі қой тастарды аударастырған.

Безымянный

Сурет trinixy.ru

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Шетелдік ғалымдар керемет формадағы тастар Қазақстан даласында қайдан пайда болған деген сауалға бас қатырып жауап іздеуде.

Шар тектес тастардың көлемі мен түсі әртүрлі, бірақ құрамы құм шөгінділері мен саз балшықтан тұрады. Бұл тас үйінділерін ғалымдар конкреция (жұмырланған минералды түзіліс) деп атап отыр. Ал қайдан пайда болуы мүмкін деген сауалға келгенде, бұл тастар жер қыртысындағы белсенді тектоникалық жарылыстар нәтижесінде туындайтын электрлі разрядтар нәтижесінде пайда болуы ықтимал дейді. Бірақ, француз саяхатшысы Антуан Бэлен тастарға қатысты құпия бір ғана тоқтамға байланып тұрған жоқ деп санайды.

“Мен конкрецияны Латын Америкасында және Коль түбегінде көрдім. Оларды геологиялық тұрғыда түсіндіріп беруге болады. Тиісінше олардың Маңғыстау тастарымен салыстырғанда айырмашылығы бар. Қазақстандық конкрецияны терең әрі кірпік қақпай қадағалау керек деп санаймын”, – дейді ол.

Ғалымдар Маңғыстау тастары төңірегінде осылайша нақты тұжырымға келе алар емес.

Талқылау