Шетелдік туристі 40 мың теңгеге тасыған таксист жұмысынан қуылды

Сейсенбі, 13 Маусым , 2017 14:00

Венгрия елінен келген туристі әуежайдан қонақүйге дейін апарғаны үшін 40 мың теңге алған такси жүргізушісі жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170613113555

“Аталған факті нәтижесінде туристі алдаған таксист жұмыстан босатылды. Ол қазір такси қызметі қатарында жұмыс атқармайды”, – деді жолаушылар транспорты басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиев.

Оның сөзінше жуық арада Астанада барлық такси қызметтеріне арналған бірыңғай тариф енгізіледі.

“Барлық такси қызметтерінің басшыларын шақырып, сөйлестік. Біз бүгін шартты бірыңғай тарифке өтіп, біз бен такси компаниялары арасында келісім-шартқа қол қойылады. Онда такси құнының базалық белгіленген бағадан аспау керектігі көрсетілген”, – деді Игенбердиев.

Ол аталған ақпараттардың вокзал, әуежай, қонақүйлерге ілініп, шетелдіктердің бағаны тез түсінуі үшін бар жағдай жасалатынын айтты.

Бұған дейін елордалық таксистің шетелдік туристі әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге апарғаны үлкен шу тудырған еді. Кейін оның ақшаны қайтарып бергені де хабарланған.

Оқи отырыңыз:

Келіншек сырын қайын жұртына жайып, күйеуімен ажырастырған абысынына ренжулі

Еліміздегі ең жемқор министрліктер мен облыстар жарияланды

Атышулы Мақсат Үсенов салық берешегін төледі

Енді кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар