Қазақстаннан ұрланған ақша шетелдік банктен табылды
Бас прокуратура шетелдік банктегі Қазақстаннан ұрланған қаржысын тәркілей бастады. Швейцарлық банкте сақталған 1,3 миллион доллар көлеміндегі Қазақстанның ақшасын анықтады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Швейцарияның RothschildBankZurich банкіндегі ақша Қорғаста қылмыстық топтың мүшелеріне көмектескен Мағзұм Абдралиевке тиесілі болып шықты. Ол 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр.
Сондықтан прокурор шетелдік банктегі Қазақстанның қаржысын тәркілеу үшін сотқа өтінішхат жолдады. Сот 2018 жылдың 29 наурызында прокурордың өтінішін қанағаттандырды.
Бұдан бұрын да, несие беру ұйымының кеңсесін тінту кезінде Абдралиевке тиесілі 762 мың доллар және 915 мың теңге табылып, 2,1 миллион доллар мемлекеттің пайдасына тәркіленді.
Тағы оқыңыз:
Қазақстанда ең төмен күнкөріс деңгейі 26 мың теңгені құрады
Танымал қазақстандық кәсіпкер алаяқтығы үшін айыпталуда
Зағипа Бәлиева “Аналар үйіне” сын айтып, қоғамдық ұйымдарға балалар үйін тексеруге тыйым салды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі