Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстан министрі мас күйде көлік жүргізіп ұсталған: Қадыров оны тұтқындағандарды қызметінен босатуды талап етті

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров "Герзельский көпірі" федералды бақылау-өткізу бекетінде Шешенстан төтенше жағдайлар басшысы Әлихан Цакаевты ұстаған Дағыстан ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін жұмыстан шығаруды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Медиазона сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: vesti095.ru

Кадыров шенеуніктің ұсталуын "арандатушылық" деп атады.  Айтуынша, Цакаев "өрескел заңбұзушылық жасамаған". Оның қызметтік құжаттары мен формасы өзімен бірге болмаған, өйткені шенеунік Шешенстаннан демалыс күнінде шыққан.

"Бақылау бекетінде тұтас спектакль қоюға осы себеп болуы мүмкін екен. Айта кетейін, егер Цакаев өзінің генерал киімінде болса, бекет қызметкерлері оның бағытына қарауға да қорқатын еді. Бірақ осылай болды. Шабуыл жасағандар әскери еңбегі мен бірнеше марапаты бар генералмен соқытығысқандарын білген кезде, тым-тырақай қашқан", - дейді Кадыров.

17 сәуірде Цакаевтың ұсталғанын NIYSO қозғалысы мен оппозициялық шешен блогері Тумсо Абдурахманов хабарлады. Айтуларынша, шенеунік жол полициясы қызметкерінің талабы бойынша тоқтамай, қиылыста қайта бұрылып, полиция қызметкерлерін қағып өтпекші болған. Қауіпсіздік күштері көлікті қоршап алып, Цақаевты салоннан алып шықты. Оның өзімен бірге ешқандай құжаты болмаған.

Шешенстан оппозиционерлерінің айтуынша, ТЖМ  басшысы мас болған, ол ұсталғаннан кейін артынша  Шешенстанның қауіпсіздік күштері келген. Дағыстан мемлекеттік думасының депутаты Сұлтан Хамзаев та Цакаевтың мас болғанын айтты. Оның айтуынша, Цакаевтың қылығы – "жігіттікке тән емес".

Дағыстан мен Шешенстан ведомстволарының өкілдері әлі болған жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің оқиға туралы сұрағына: "Бұл мәселенің бізге қатысы жоқ", - деп жауап берді.

Талқылау