Шекарадағы жағдай: Сағынтаев Қырғызстанға 5 шарт қойды (видео)

Жұма, 3 Қараша , 2017 18:28

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз премьерінің екі елдің шекарасындағы жағдайға қатысты сынына жауап берді.

Бүгін Ташкентте өткен ТМД елдері үкімет басшыларының отырысында Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков отырыстың күн тәртібіне енбеген қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты мәселені көтерді.

Ол Қазақстан шекарада жасанды кедергілер жасап отырғанын мәлімдеді.

“Қазақстан үкіметі қырғыз тарапының мәлімдемесін орынсыз деп есептейді. Еліміздің бұл мәселеге қатысты ұстанымы бәріне жақсы мәлім. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ экономикалық кеңістігін құру идеологиясына толығымен сәйкес келеді және Одақтың қатысушы елдерінің экономикалық шығыны мен қауіп-қатерлерін мейлінше төмендетуге бағыталған», — деді Сағынтаев отырыста.

Оның айтуынша, Қазақстан үкіметі бес бағыт бойынша қырғыз тарапының сындарлы ұстанымына үміт артады.

Бірінші. Салықтық әкімшіліктендіру бойынша Қырғызстан ұлттық заңнамасының нормаларын ЕАЭО құқығымен сәйкестендіруі керек.

Екінші. Заңсыз экспортқа, соның ішінде контрафактілік өнімдерге қарсы іс-қимыл.

Үшінші. ЕАЭО талаптарын сақтау үшін қырғыз тарапы тауарлардың ветеринарлық-санитарлық, фитосанитарлық (карантиндік) бақылауын тұрақты қамтамасыз етуі тиіс.

Төртінші. Қырғызстан Одаққа мүше елдердің көлік заңнамасын бұзудың алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауы керек.

Бесінші. Контрабанда мен қазақ-қырғыз шекарасында есірткі, қару-жарақ, оқ-дәрінің заңсыз тасымалдануына жол бермеу.

“Осылайша, біз тек өзіміздің ұлттық мүддемізді ғана қорғамаймыз. Біз ЕАЭО кеңістігінің экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық мүдделерін қорғаймыз. Қазақ-қырғыз шекарасында ЕАЭО заңнамасының нормалары мен талаптарына толық сәйкес келетін мониторинг және бақылау тәртібі сақталады», — деді Сағынтаев.

Ол Қазақстан тарапы екіжақты экономикалық ынтымақтастық пен шекаралық, көліктік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшіліктендірудегі өзара әрекеттестік мәселелері бойынша сындарлы диалогқа дайын екенін атап өтті.

“Біз алдағы уақытта да қырғызстандық әріптестерге ЕАЭО құқығы мен нормаларына бейімделуге көмек көрсетуге әзірміз”, — деп түйіндеді Сағынтаев.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы проблемалар 10 қазанда басталды. Қазақстан билігінің мәлімдемесі бойынша, мұның бәрі «сұр» импортқа қарсы күрестен кейін туындаған. 18 қазанда Сапар Исаков Астанаға жұмыс сапарымен келген еді. Сапар барысында қырғыз премьері тексеріс кезінде жеке жүгі бар азаматтар, жолаушылары бар рейстік автобустар, жеңіл көліктер мен бос жүк көліктеріне басымдық беру туралы уағдаласты. Осыдан кейін автокөліктер шекарадан жылдам өткізіле бастады.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда жасөспірімдер қанша жасынан бастап жыныстық қатынасқа түседі

Анасы: Илья Ильиннің не себепті ажырасқанын айтты

Қытай елшісі қысым көрген қазақтар жайында: Біздің ішкі жұмысымызға араласпауды сұраймыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар