Қытай елшісі қысым көрген қазақтар жайында: Біздің ішкі жұмысымызға араласпауды сұраймыз

Жұма, 3 Қараша , 2017 16:13

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй Қытайдың ішкі ісіне араласпауды сұрады. Ол бұл туралы Шыңжаңдағы қазақтардың қысым көріп жатқанына байланысты жауабында айтқан.

Фото:  Kazpravda

«Егер қытай төлқұжаты бар адамдарға қатысты болса, бұл Қытайдың өз ішкі ісі», – деді көрші елдің елшісі, деп жазды Караван басылымы.

Еске салсақ, БАҚ беттерінде бірнеше мәрте қытай қазақтарының қысым көріп жатқаны жайлы ақпарат тарады. Ал жуырда бұл мәселе ҚР парламентінің сенатында талқыланды.

“Компартияның ХIХ съезін өткізу қарсаңында Шыңжаңда бақылау күшейтіліп, барлық адамдарды тексеру жүргізілді. Ол тек қазақтарға ғана қатысты емес, қытайлар мен өзге ұлттарға да бақылау күшейтілді. Кейбір жерлерде құқық қорғау орындары қызметкерлері тым шектен шығып, асыра сілтеп жіберген.Біз ондай оқиғалар жайлы Пекинге мәлімет жібердік. Өйткені ол жақтағы шенділер хабарсыз болған”,- деді Чжан Ханьхуэй.

Оның сөзіне қарағанда, билікке қытайға қарсы шетелдік сепаратистік, лаңкестік күштер съезд қарсаңында Шыңжаң аймағында тұрақсыздық орнатуды көздеп, шу шығармақшы деген мәлімет келіп түсіпті. Кез келген үкімет ондай кезде шара қолданады деп атап көрсетті Қытайдың Қазақстандағы елшісі.

“Ондай жағдайда біздің азаматтардың елшілікке келіп айтқаны дұрыс.Мен барлық кезде көмектесемін.Қытай ұлттарды алалау саяатын жүргізген емес, жүргізбейді де.Шыңжаңда 1,5 млн қазақ тұрады.Олар қытай ұлтының ажырамас бөлшегі.

Екінші жағынан, егер ол қытай төлқұжаты бар адамдарға қатысты болса, бұл – Қытайдың өз ішкі ісі. Егер біз қателессек ол біздің жұмысымыз. Түзеткендеріңізге рахмет, бірақ араласуға болмайды», – деді қытай елшісі.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда 3-қабаттан құлаған екі жасар баланың басына пластикалық ота жасалады

Құл-Мұхаммед: “Нұр Отанның” қатарына абырой әкелетін, беделді азаматтар ғана қабылданады

Назарбаев RBK банкіндегі жағдай туралы: Ұрылардың бәрі түрмеге жабылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ендеше кез-келген уақытта елімізге кеп кіріп азаматтық алып толып жүрген қытай ұлтының адамы қазағымызды ренжітсе бізге де ренжімесін,халық көріп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар