Анасы Илья Ильиннің не себепті ажырасқанын айтты

Жұма, 3 Қараша , 2017 17:10

Илья Ильиннің анасының ұлының не себепті ажырасқанын айтып берді, деп жазады «Время» газеті.

Фото: Look.tm

Анасы ұлының жеке өміріне қатысты жайтты көпшілікке мәлімдегенін құп көрмегенін айтады. Анасының өзі де бұған дайын болмапты.

«Кеше мақаланы оқығанда көңіл-күйім түсіп кетті. Ильяға бұл жайлы жариялама деп талай рет айттым. Жастар қазір ата-анасын мүлде тыңдамайды. Мен тіпті өз анама, Ильяның әжесіне, ажырасқаны жайлы айтпап едім», – дейді анасы Галина Ильина.

«Меніңше, олардың ажырасуына допинг дауы себеп болған. Адам қатты уайымдап жүргенде барлық сөзді ауыр қабылдайды. Бірақ мен олар қайта татуласатын шығар деп үміттендім. Достарымыз бен көршілеріміз, туыстарымыз Ильяның ажырасқанын сезіп те жүрді», – дейді анасы.

Галина Яковлеваның айтуынша, ұлы мен келіні 2017 жылға қарсы қатты ұрысқан. Сол кезде Наталия қызы Милананы алып ата-анасына кетіп қалған. Илья қазір Астанада ата-анасымен бірге тұрады.

«Біздің үйіміздің арасы жақын. Наташамен де ара қатынасымы бұрынғыдай. Өзі дайындықта жүргенде Милананы бізге тастап кетеді. Әкесі де қызын қатты жақсы көреді. Оны сабағына алып барады. Ресми түрде ажырасқанымен жиі көрісеміз. Бәрі оңдалады деп үміттенем», – дейді анасы.

Тағы да оқыңыз:

Қытай елшісі қысым көрген қазақтар жайында: Біздің ішкі жұмысымызға араласпауды сұраймыз

Алматыда 3-қабаттан құлаған екі жасар баланың басына пластикалық ота жасалады

Мәсімов пен Мырзахметов «Нұр Отан» партиясының саяси бюро құрамынан шығарылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар