12 жыл бірге болдық: Илья Ильин әйелімен ажырасқаны жайлы айтып берді

Сәрсенбі, 1 Қараша , 2017 16:27

Ауыр атлетикадан бұрынғы екі дүркін олимпиада чемпионы, қазақстандық спортшы Илья Ильин әйелі Натаьльямен ажырасқаны ашық айтты.

«Маған ауыр болса да айтайын. Біз бір жылға жуық уақыт бұрын ажырастық. Бірақ ажырасу туралы құжат жақында ғана келді. 12 жыл бірге болдық. Бір бірімізді сүйдік. Қызымыз өсіп жатыр. Бірақ соңғы сынақты көтере алмадық. Күйзеліске түскен мен сияқты адамды түсіну қиын шығар. Бұрын да жиі ұрысатынбыз. Бірақ оны жеңе білген едік. Соңғы кезде адам төзгісіз болып кетті. Маған ауыр болды, ал Натальяға еке есе қиын соқты. Мен мұны жақсы түсінемін. Қатты ұрысып қалдық. Ол үйден кетіп қалды. Мен мұны көтере алмай ажырасуға арыз жаздым. Ол кезде өте ашулы едім. Бірақ қазір осылай жасағаным дұрыс болды деп ойлаймын. Біз әлі де бір бірімізге өкпеліміз. Қазір сөйлеспейміз. Желідегі бір біріміздің парақшамызды қарамаймыз да, – дейді Илья Men’s Health Казахстан журналына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Илья Ильин Наталья Кулаковамен үйленіп, 2012 жылдың қыркүйек айында той жасаған еді. Ал, спортшының бірінші жары бұрынғы олимпиада чемпионы Светлана Подобедова.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының әкімі: Мен қазақ тілінде өлең жазып, ән айтамын

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған қазақстандық әртістерге сыйлық берілетін болды

Дәрігерлер қателесіп алматылық әйелдің ішегінің жартысын кесіп алып тастаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар