Шарапованың жолдасы әжетханада отырып түскен суретін жұртқа көрсетті (фото)
Әнші Диана Шарапова отбасымен бірге Тайланд елінде демалып жатыр. Аталған елде түскен жұлдызды жұптың суреттері желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Фото: instagram.com/dianasharapova_official/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Диана Шарапова жуырда ғана “Арман жолында” атты әнге түсірілген жаңа бейнебаян ұсынған болатын. Енді міне әнші отбасымен бірге кезекті демалысқа шықты. Жолдасы Роман мен ұлдары Алекс үшеуі Тайланд елінде демалып жатыр.
Роман Мироновтың сөзіне сенсек, аталған елде бір айға жуық уақыт тұрақтамақ.
Жұлдызды ғашықтар демалып қана қоймай, түрлі тақырыптағы фотосессия жасап үлгерген. Арасында Роман Мироновтың әжетханада отырып түскен суреті де бар.
Фото: instagram.com/romanmironov_showman/
Продюсер мырза әжетханадағы суретін Тайландтың ерекше табиғатын көрсету үшін ғана жариялағандығын айтып жатыр.
“Алматыда көптеген ағашты кесіп жатқанда, Тайландта пальмаларды кеспестен дәретхана салып жатыр”, – дейді ол.
Бұл суретті көрген желі қолданушылары “Бізге ендігі жетпей жатқаны осы еді. Одан барлығын ашып көрсете салмадың ба?”, “Оңбаған Роман, сол баяғы әдетіне басыпты”, “Нәтижесін жарияламағаныңа шүкір” сынды пікірлер қалдырған.
Мұнымен қатар, Диана Шарапованың су киімі тым ашық екенін тілге тиек еткен жандар да бар. Олар мұның менталитеттеріне сай келмейтіндігін айтып жатыр. Десе де, жұлдызды жұп жағымсыз пікірлерге назар аудармаған-ды.
Жіберіп алмаңыздар:
Диана Шарапова отбасымен Тайландта демалып жатыр (фото)
Диана Шарапова мектеп түлектерінің әнұранын жазды (видео)