Шаңырағы шайқалған қазақстандық жұлдыздар

Сәрсенбі, 21 Қыркүйек , 2016 16:37

“Үйлену оңай, үй болу қиын” деген мақал бекер айтылмаса керек. Мұның дәлелі – елімізде жыл сайын 700 ғашықтың шыңырақ көтеріп, 200 отбасының ажырасуға өтініш білдіруі. Әсіресе, өнер жұлдыздарының арасында бұл көрсеткіш өскен.

25

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Батыс елдерімен салыстырғанда түкке тұрмайтын бұл көрсеткіш біздің менталитетімізге жат екені де рас. Халық алдында барынша үлгілі болуға тырысатын жұлдыздардың ішінде отбасылық өмірдің тауқыметіне шыдай алмағандар баршылық. Олардың ажырасуына басты себеп қызғаныш екен. Күні кеше 9 жыл балалары болмай, “ажырасыңдар” деген қаңқу сөзге құлақ ілмей, отбасылық өмірдің қиындықтарын бірге жеңген Мақсат Базарбаев пен жары Әсел туралы сөз қозғаған едік. Енді кезекті материалымызды шаңырағы шайқалған жұлдыздар тақырыбына арнауды ұйғардық.

photo_27258

Ерке Есмахан

Тележүргізуші Асхат Садырбай мен әнші Ерке Есмахан 2011 жылы некелерін заңдастырып, отбасын құрған болатын. Жастар Ерке “Іңкәр” тобының құрамында ән салып жүргенде-ақ танысқан. Араға бір ай салып Асхат Ескеге ұсыныс жасайды. Жұлдызды жұп үйлену тойларын дүркіретіп атап өтеді. Біраз уақыттан кейін дүниеге Мүслім есімді ұлдары келеді. Тағы да біраз уақыт өткен соң екеуі де айырылысу туралы шешім қабылдайды.

“Асхат  ажырасқан кезімізде бар сыйлығын түгендеп алып қалды. Сырға, сақина  менде оның ешқандай заты қалмады. Мінезі сондай. Менен кейін бір үйленіп ажырасты. Сол кезде қайта қосылуға да келген. Мен ештеңе шықпайтынын түсініп келіспедім. Енді оған “майдалықты” қою керек деп кеңес беремін. Ер мінезді, ірі болса осы отбасы сақталады деп ойлаймын”, – дейді Ерке Есмахан “Сырласу” бағдарламасына берген сұхбатында.

1

Еркін Нұржан

Бір кездері Аягөз арумен қосылған әншінің өзінен 14 жас кіші бойжеткенмен екінші рет отбасын құрғанына куә болдық. Әнші ажырасуының басты себебі қызғаныш болды деп дөп басып айтпаса да, қиындықтарының өнеріне байланысты болғанын жасырмады.

3

Нұрлан Әлімжан

Жұбайы Жансаямен 2006 жылы танысып, небәрі үш күннен кейін отбасын құру туралы ұсыныс жасаған. Өкінішке орай, әнші махаббатының ғұмыры ұзаққа созылмады. Жарымен ресми түрде ажырасып, қатты қиналғанын да тілге тиек етті. Екеуінің арасында екі ұл мен бір қыз бала бар екен. “Адамгершілік шыдам ақыл болмаған жерде шаңырақ шайқалады” деген әнші жары туралы еш жаман сөз айтуға қимайтынын да айтты.

e82f5aae2a4d8da4a8beae7297b0a43c

Баян Есентаева

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды. Жуырда продюсер алғаш рет тележүргізуші Динара Сәтжанға эксклюзивті сұхбат беріп, жолдасымен ресми ажырасқанын мәлімдеді. Екеуінің Айсәуле және Айару есімді қыздары бар. Мұнымен қатар, қыркүйектің 14-і күні Баян ханымның жолдасына қатысты үкім шыққан болатын. Сот отырысы жабық өткендіктен, әзірге жолдасының қандай жаза алғаны, түрмеге отырғызылған, отырғызылмағандығы белгісіз.

6-14

Ерлан Орынбасаров

“Жалғыз аққу” туралы әнімен танылған әнші бір кездері өзі де жалғызсырап жүрген-ді. Отбасы туралы мүлдем сөз қозғағысы келмейді. Тіпті, журналистердің осыған байланысты сұрақтарынан да шаршағанын айтқан болатын. Орынбасаровтың айтуынша, ажырасу кезінде қатты қиналып, жүйкесі сыр берген.

12940899_565960650248622_1721291370_n

Сая Оразғалиева

Отандық телехикаялардан бой көрсетіп жүрген әнші 19 жасында тұрмысқа шығып, күйеуіне шекесі торсықтай ұл сыйлаған. Араларында бір балаларының бар екеніне қарамастан, қос ғашық ажырасып кетуге мәжбүр болады. Күйеуі бір кездері “Жоғары білімің де жоқ, менімен тең дәрежеде сөйлесу үшін алдымен оқып ал” деп сынаған көрінеді.

novyy-kollazh-8

Асхат Тарғын

Небәрі 22 жасында шаңырақ көтерген әнші осыдан он жыл бұрын жарымен ажырасқан. Отбасылық өмірдің алғашқы бір жылы ойдағыдай өтіп, кейін қызғаныш сезімі бақыттарына кедергі жасайды. Дәл қазір әншіні өткен өмірімен байланыстыратын 11 жастағы қызы бар.

3E0A0096

Ділназ Ахмадиева

Ал әнші Дильназ Ахмадиева бір кездері күйеуі Ахмадты қатты жақсы көретінін айтып, Жаратқанға алғыс айтып жүретін. Кейін “Соңымнан қаңқу сөз ергенін қаламаймын” деп екеуінің ажырасқаны туралы өзі баяндап берді. Мұндай шешім қабылдауының себебін бір-бірін түсіне алмай кеткендіктерімен байланыстырды.


Жіберіп алмаңыз:

Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

Қазақстандық жұлдыздар Левитке қолдау білдірді (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы қанша қаражат табады?

Шоу бизнестегі жұлдыздар келіндік міндеттерін қалай атқарып жүр (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар