Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серікбол Сайлаубек оққағарлардың ортасында ән шырқады: Күзет фирмасы жазаланатын болды

Таяуда желіде әнші Серікбол Сайлаубектің тойда оққағарлардың ортасында ән шырқаған сәтінің видеосы тарап кеткен еді. Осы жайтқа қатысты ҚР ІІМ мамандары тексеріс жүргізді. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Серікбол Сайлаубек оққағарлардың ортасында ән шырқады: Күзет фирмасы жазаланатын болды

Алмас Садубаевтың сөзінше, 17 қарашада Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойының ұйымдастырушылары артистер өнер көрсеткен кезде тәртіп сақталуы үшін күзет агенттігінің қызметкерлерін шақыртқан.

«Қызметкерлері қызметтік қаруды пайдалану ережесін бұзғаны үшін,  қазіргі уақытта аталған күзет ұйымына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 484-бабы 1- тармағына (Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, ҚР аумағына әкелу, ҚР аумағынан әкету және ҚР аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», – дейді министрлік өкілі.

Алмас Садубаевтың сөзінше, осыған байланысты, Кәсіпкерлік кодексінің аясында прокуратура органдарының алдында күзет ұйымдарын жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, күзет қызметі саласындағы заң талаптарының сақталуы тескерілді.

Естеріңізге салсақ, Серікбол Сайлаубектің оққағарлардың ортасында тұрып ән салғаны туралы кезекті материалымызда жазған болатынбыз. Артынша Сарыағаш ауданы әкімшілігі оқиғаға қатысты жауап берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау