Семейлік жігіт қыз зорламақ болған екі азаматқа араша түсті

Жұма, 21 Қазан , 2016 13:07

Қыз баланы зорлап жатқан көрініс кімнің де болса жүрегін ауыртады. Алайда осындайда дер кезінде көмек көрсететіндер бар ма? Әлде қу басын ойлап қашып кететіндер көп пе? Отандық бағдарламаның кейіпкері Нұрбол Балапанов бір кездері қыз зорламақ болған екі жігітке араша түскен екен. Оқиғаның қалай болғаны туралы ол өзі баяндап берді.

portrait-1724749_960_720

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

2014 жылы Нұрбол Балапанов Семей қаласына жұмыстарымен барады. Түнде жолға шығып бара жатып бойжеткеннің дауысын естиді. Ол “жіберіңіздер” деп айқайлап жатады. Бастапқыда Нұрбол ағасы немесе жігіті болар деп мән бермейді. Артынша жағдайдың өршіп бара жатқанын сезіп, екі жігіт, бір қыздың қасына жүгіріп барады. Оқиға орнындағы екі жігіт бір қызды зорламақ болған екен. Ол жігіттердің арам пиғылын сезе салысымен, қызды құтқаруға кіріседі.

“Өзімді сіз айтып отырғандай қаһарман санамаймын. Бұл әрбір қазақ азаматының қарындасына деген қамқорлығы мен міндеті. Оқиға 2014 жылы Семей қаласында болды. Жалпы өзім осы қаланың тумасымын. Кешке жақын үйлердің арасымен жүріп бара жатқанымда қазақ қыздың айқайлап жатқанын естідім. Басында ағасы немесе жігіті шығар деп ойладым. Отбасылық мәселелерге кірісу қазақы менталитетімізге жат екенін де білесіздер. Бірақ дауыстар үдей түскен соң, араласпасқа амалым болмады. Біреуі қыздың сөмкесін ұстап қарап тұр, екіншісі оны жұлқылап жатыр. Олар екеуі болғандықтан, алыстан айқайладым.

Бір жігіт ары қарай қашты. Кейін қастарына жүгіріп барып, мән-жайды қыздан сұрадым. Ол жігіттерді танымайтындығын, олардың өзін зорламақ болғанын айтты. Қараңғы болғандықтан, жігіттердің ішіп немесе шегіп алғанын біле алмадым. Әйтеуір өзімнен жастары кіші секілді. Маған “Сенің шаруаң емес. Жайыңа жүре берсеңші” деді. Қыздың жылап, көмек сұрап тұрғанын көріп, жігітке тап бердім. Өзі қорқақтау адам екен. Бірден қашып кетті. Жолда өтіп бара жатқан сақшылар оны ұстамақ болды. Алайда қашып үлгерді. Менен куәгер ретінде барлығын сұрады. Өзімнің шаруаларыммен жүріп, осындай ситуацияға тап болған жайым бар. Ақырында қыз арыз жазды”, – дейді Нұрбол Балапанов.

Ал сіз дәл осындай ситуацияға тап болсаңыз, не істер едіңіз? Бәлкім сіздің де арам пиғылды адамдардың әрекетіне араша түскен кездеріңіз болған шығар? Пікіріңізді бөлісе отырыңыз.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Пәктігінен айырылған қазақ қызы амалсыздан көңілдес болып жүр

Қазақ жігітінің 3 жыл жүрген сүйіктісі басқадан жүкті болып қалған

Келін: Енем мені ұрлықшы етіп шығарды

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар