Семейде той кортежінің жүргізушілері жазаланды
Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежіне қатысты іс сот қарауына жіберілді. Онда қуанышын ерекше атап өтпек болған жастар тіпті көліктеріне полиция мен төтенше жағдай қызметінің техникаларына тиесілі дыбыстық жүйені де орнатып алыпты. Осылайша тізбектелген көліктер қаланың қақ ортасында артпен де жүріп, басқа автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірді. Бұл туралы КТК хабарлады.

Ал осы үйлену тойының кортежін басып озбақ болған басқа жүргізушілерге еш мүмкіндік бермеген. Бұл аздай, жастар көліктерінің терезелерін қараңғылап, қарсы бағытта теңселе жүріп отырды. Тіпті, дөңгелектерін түтіндетіп дарақылық жасаған. Полиция ережені ескермей есірген жастарды анықтады. Сөйтіп, үш жүргізушіге бірнеше бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Енді сот оларды жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Қызылордада шенеуніктер президент шыршасында оқушыларға табысталуы тиіс ноутбуктарды бермей кеткен
Жаңбыр, қар, найзағай: Синоптиктер алдағы ауа райының болжамын жариялады
Қан емес, кетчуп екен: Таразда бір топ жігіттің тамырын кескендері өтірік болып шықты
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан