Семейде ондаған үй топан судың астында қалды

Сейсенбі, 15 Наурыз , 2016 7:11

Толассыз жауған жаңбыр семейліктерді де әуре-сарсаңға салды. Оған еріген қар суы қосылып, жер үйлердің аулаларын су басып жатыр. Ұйқыны ұмытқан жұрт өз күштерімен бөгеттер орнатуға кіріскен деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Безымянный

“Гаражымды және кәріз шұңқыры түгел су астында тұр. Тек үйім ғана аман. Қанша қорғансақ та нәтиже жоқ. Бәрібір, су келіп жатыр”, – дейді тұрғын Сергей Скоробогатов.

Бүгінде оншақты үйдің ауласы судың астында қалды. Оның деңгейі 30 см-ге жеткен. Ал, көлшікке айналған көшелермен жаяу адам тұрмақ, көліктердің тұмсығы әрең көрініп, малтып жүр. Қызыл су қарқыны күшейген соң құтқарушылар да қауырт жұмысқа кірістік деп отыр.

Қазір 20-ға жуық техника қала шетінде суды сорғызуда. Алайда синоптиктердің болжамы төтеншеліктердің жұмысын еш кетірейін деп тұр. Өйткені алдағы тәулік бойы жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар