Семейде көлік ұрламақ болған ер адам бір минутқа жетпей ұсталды
Семейде 33 жастағы жігіт аулада оталып тұрған Ниссанды ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері хабар түскен бойда ер адамды 60 секундтың ішінде тұтқындады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Көлік иесі оны қыздыру үшін оталдырып,үйіне шәй ішуге кіріпті. Ұры сол сәтті пайдаланып қалған.
Полицйелер бірден қала көшелерінде орналасқан бейнебақлау камералары арқылы ұрыны іздеуге көшкен. Сол мезетте, өзгенің көлігін тақымдаған азамат оның шамын жақпастан шаһардың қақ ортасында ойқастап жүрген.
Оның қолына бірден кісен салған полиция қызметкерлері қазір тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал көлік өзінің заңды қожайыннына қайтарылды.
Тағы оқыңыз:
33 адам қамалды: Бас прокуратура елдің оңтүстігіндегі ауқымды операцияның мән-жайын айтты
Қазақстан азаматшасының Шри-Ланкада не себепті көз жұмғаны анықталмай жатыр
Петропавлда полицейлер мен өрт сөндірушілер өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен