Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде атасынан мұра боп қалған мылтықтың кесірінен немересі айыпты болды

Семейде атасынан мұра боп қалған мылтықтың кесірінен немересі айыпты болып отыр. Қаруды көненің көзіндей сақтап келгеніміз үшін жазалы болдық деген кейуана Әдебия Сәбитова «немеремді емес, мені соттасын» деп отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл кеңес үкіметі кезінде шопандарға берілген мылтық екен. Әдебия әжей қайын атамнан мұра болып қалып, кейін жолдасыма өткен қару отбасымызға пәле болып жабысты дейді. Дәл осы мылтықты көп жылдар бойы сақтап, өткізбегендері үшін енді немересіне айып тағылыпты.

“Балаға бізге айтпай хаттама жазады да, балаға қол қойдырады. Баланың кезінде емес, тіпті менің күйеуімнің жастау кезіндегі мылтық ол”, – дейді Бөдене ауылының тұрғыны Әдебия Сәбитова.

Арада баламызды айыптап, енді 46 мың теңге айыппұл төлесін деп отыр. Ол жұмыссыз. Несін төлейді дейді.

“Осы жерде тоғыз жарым онға дейін отырды. Хаттама жазды, әйтті-бүйтті. Сосын енді әкең келе алмайды, соның орнына өзің қолыңды қоя сал деді. Соған алданып қалып отырмын. Енді қанша зардапты мен шегіп отырмын”, – дейді Бөдене ауылының тұрғыны Ернұр Сәбитов.

Ал құзырлы орган өкілдері өздері тәркілеп алып кеткен мылтықтың маркасын, нөмірін ұмытып қалыпты. Бірақ атасынан мұра болып қалған қару үшін немересінің не үшін жауапқа тартылып отырғанын айтып берді.

“Біз сол уйде тұратын адамды мылтықты сақтағаны үшін Әкімшілік кодексі бойынша жауапқа тартамыз. Ернұрдың әкесі мүгедек қой. Көрдіңіз бе, арбада отыр. Сол себепті енді біз отбасында бірге тұрған баласын жауапкершілікке тарттық. Әкімшілік  құқығы бойынша”, – дейді Далон ауылдық округінің учаскелік инспекторы Дастан Ертаев.

Бесқарағай аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-ші бабына сәйкес «жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуіне байланысты» 45380 теңге айыппұл төлеу қажет екенідігі туралы шешім шығарған. Бірақ бұған келіспеген ата-ана соттаса мына бізді соттасын, арбаға таңылған әкесін соттасын. Ал баламыздың еш кінәсі жоқ деп қарсылық білдірген.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында ауыл тұрғындары мен мұғалімдер мектеп директорына қайта шағымдануда

Ақтөбеде хиджаб киген оқушылар келесі сыныпқа көше алмай қалуы мүмкін

Таразда қырыққа жуық қоғамдық көлік рейске шықпай қойды

Оралда жантүршігерлік апаттан аман қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтты

Талқылау