Таразда қырыққа жуық қоғамдық көлік рейске шықпай қойды

Соның салдарынан қала тұрғындары діттеген жерлеріне жете алмай аялдамада сағаттап тұруға мәжбүр болды. Автобус жүргізушілерінің мұндай қадамға баруына тасымалдаушы компания басшысының күнделікті жоспарды кенеттен көтеріп жіберуі себеп болған. Наразы топ оны түсірмейінше тапжылмаймыз деп табандап тұрып алды, деп хабарлады КТК арнасы.

32 және 33-ші бағыт бойынша қатынайтын 40-қа жуық қоғамдық көлік бүгін автопарктен аттап шықпай қойды. Соның кесірінен жергілікті тұрғындардың көбі жұмыстарына жете алмай сенделіп әуреге түсті. Жұрттың аялдамада аялдап қалуына себепкер болған жүргізушілердің наразылық жасауына күндік жоспардың қымбаттап кетуі себеп.

Компания жүргізушілерге күніне 19 мың теңге жоспар бекіткен. Бірақ оны орындау мүмкін емес дейді шу шығарғандар. Олар қалай шығынға батып, кімге қанша қарыз боп жатқандарын да тәтпіштеп түсіндіріп берді. Айтуларынша, күніне ең көбі 35 мың теңге табыс түседі. 19 мыңды автопаркке берсе, 10 мыңға жанармай құйып, қалғаны кондуктордың ақысы мен ас-суға жұмсалады. Ал өзіме соқыр тиын қалмайды дейді жүргізуші.

“34-35 мыңнан қалғаны біздікі. Қалмаса қарыз болып қаламыз. Оны мойынға іліп жатыр. Қаңтардан бері күніге екі мың теңге. Есептей бер”, – дейді автобус жүргізушісі Мұстафа Кәріпбаев.

Наразы топ жиналған қарызды өшіріп, жоспарды бұрынғыша 17 мыңға түсіруді қалайды. Бірақ автопарк басшылығының көптің талап-тілегін орындағысы жоқ.

“Ашыңызшы қарыздарды. Жоспарды дұрыс тапсырмайсыңдар. Машинаның бәрі кредитке алынған әлі жабылған жоқ. Бөлшек, машина бәрі кредитке алынған. Мен оны қалай жабамын, сендер жоспар тапсырмасаңдар?” – дейді «Сапар-Транс» ЖШС бас директоры Айнұр Валиева.

«Жоқ, жоқ» деп жыларман болғандар тілшілерге де жарытып жауап бермеді. Жағдайды түсіндіреміз деп ішке шақырып алған басшылар жеме-жемге келгенде күзетшілерге ақпарат құралдарының өкілдерін қуып шығуға пәрмен берді.

Басшылықтың ашық айқасқа шыққандардан қаймыққаны анық.   Өйткені олар дереу тәртіп сақшыларын шақырды. Жедел жеткен полицейлер екі тараптың да адамдарын бөлімшеге алып кетті.

Шу шығарғандар талаптары орындалмаса жұмысқа мүлдем шықпаймыз деген еді. Алайда компания жүргізушілердің уәжіне құлақ аспай, жоспар құнын сол күйі өзгеріссіз қалдырды. Осыдан кейін әрекеттерінен түк шықпасын түсінгендер амалсыз қайта жұмыстарына кірісуге мәжбүр болды.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда жантүршігерлік апаттан аман қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтты

Алматы облысында 10 жасар қыз әлі күнге дейін мектепке бармаған

Қоғам белсендісі орта жастағы әйелдерге “қырындайтын” таксишілердің ұятсыздығын айтты

Дана Нұржігіт алғаш рет Владимир Рерихпен ажырасу себебін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар