Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жантүршігерлік апаттан аман қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтты

Адам өмірін жалмаған жол апаты. Оралда жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып, екі адам қаза тапты. Апаттан жан тапсырғандардың бірі автобус жүргізушінің кондуктор қызметін атқарған ұлы болса, екіншісі алаңсыз келе жатқан жолаушы әйел екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, түрлі жарақат алған 15 шақты адам дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ауруханаға жеткізілген. Қазір жарақаты ауыр 4 науқас аурухана төсегіне таңылса, қалғандары амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген.

Трекин ауылынан Оралға бет алған жолаушылар автобусын тізгіндеген Жұмабек Мұхатов, қайғылы оқиға болған күнді үреймен еске алады. Жол апаты кезінде бауыр еті баласынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан әке жүк көлігімен соқтығысқанда терезеден ұшып кетіп, есінен танып қалыпты.

“Длинамер МАЗ жолымды бөгеп қалды. Қақ алдыма келді. 3-4 метр шығар. Асфальт та дымқыл. Қар еріп жатыр.  Тоқтап та үлгере алмайсың”, – дейді автобус жүргізушісі Жұмабек Мұхатов.

Автобус жүргізушісі есін жия сала кондуктор болып жұмыс істейтін ұлын іздей бастайды. Тіпті, баласының жолаушыларға неге көмектеспей жатқанына алаңдап, тәлтіректеген қалпы көлікке жақындайды. Алайда, алдыңғы қатарға жайғасқан баласы отырған орнында қысылып, жедел жәрдем жеткенде жан тәсілім етеді. Ал, шетін оқиғадан Мұхатовтар әулетіне өзге тағы бір отбасы қара жамылды. Жолаушы әйел оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Ал, облыстық бас дәрігердің айтуынша, жол аптынан зардап шеккен 15 шақты адам ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі бала екен.

“Бүгінгі таңда қалалық ауруханада екі науқас, сонымен қатар балалар ауруханасында екі науқас жатыр. Қалғандары жағдайларының жеңілідігіне байланысты, амбулаторлық жағдайда емделеді”, – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қанат Төсекбаев.

Полицейлердің айтуынша, қазір екі адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әзірге болжам бойынша, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Ал, облыс әкімі қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, құзырлы орындарға облыс аймағындағы жолдарда қауіпсіздікті күшейтуге тапсырма берді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында 10 жасар қыз әлі күнге дейін мектепке бармаған

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті

Шымкентте жұрттың көзінше сүйісіп отырған екі қыз елдің ашуына тиді

Алматыда жылусыз қалған үйді су басты

Талқылау