Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Селфи жасау үшін достарды жалға беретін қызмет түрі пайда болды

Жапония тұрғындары жалғызсырап қалатын болса енді еш алаңдамауларына негіз бар.

pic_d297a1443d17247502d9f1c5ba0f5a83

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Күншығыс еліндегі Family Romance деп аталатын компания елде жоқ ерекше қызмет түрін қоғам назарына ұсынып отыр. Яғни, олардың ұсынысы бойынша селфи жасап суретке түсу үшін достарды жалға береді.

Клиент арнайы каталогты ақтарып отырып, өзімен суретке түсуге ыңғайлы “достарды” шертіп отырып таңдап алады. Содан кейін әртүрлі тақырыпта, алдағы сағаттар ішінде әлеуметтік желіге жариялауға болатын суреттерге емін-еркін “достарымен” бірге түсіп алады. Мұндай фотосессияның құны шамамен 8 мың иен, яғни, біздің валютамен есептегенде 20 мың теңге шамасында екен.

Компания қызметтің мұндай түрін көбінесе достары жоқ немесе әлеуметтік желіде жылдам танымалдылыққа ие болғысы келетін адамдарға ұсынады. Сонымен қатар, компания клиенттерінің ұсынысына сәйкес әлгіндегідей “достарды” үйлену тойы, туған күн, басқа да түрлі кештерге жібере алады.

Оқи отырыңыз:

Жасөспірім аяғын 160 градусқа қайыруды үйренген (видео)

Сағат пен уақыт әлемі туралы таңғалдырарлық деректер (фото)

Тыржалаңаш отырған мектеп директорын суретке түсіріп алған оқушылардың басы дауға қалды

Шешенстан президентінің қызы алғаш рет өзінің сәнді топтамасын ұсынды (фото)

Талқылау