Сауд Арабиясының королі күллі әлемді таңқалдырған бұйрыққа қол қойды

Дүйсенбі, 14 Қараша , 2016 7:46

2015 жылдың қаңтарында таққа отырған Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Әзиз әл-Сауд, ел тұрғындарын ғана емес, күллі әлемді таңқалдырған бұйрыққа қол қойды.

ukaz-korolya-saudovskoy-aravii

Бұйрықта мемлекеттік қызметкерлерге, зейнеткерлерге, студенттерге жалпы сомасы 30 миллиард доллар болатын ақшалай жәрдемақы берілетіні туралы айтылады.

Сондай-ақ, бұл бұйрықта ақшалай айыппұлы бар 500 мыңдай азаматқа кешірім берілетіні де жазылған. Тиісінше темір торға тоғытылған шетелдіктерді өз елдеріне депортациялау туралы да шешім шығарған. Енді олар Сауд Арабиясы шекарасына аттап баса алмайды. Бұйрықта король елді ауыз су және электр жарығымен қамтамасыз етуге қатысты құрылыстарды салуға 20 миллиард доллар бөлетіні көрсетілген. Ел басшысының жақсылығы мұнымен тоқтап қалмайды. Ол елде тіркелген барлық әдеди клубтарға, ел чемпионатында ойнайтын суперлига клубтарына 10 миллион риалдан, бірінші лига командаларына 5 миллион риалдан, ал басқа спорттық клубтарға 2 миллион сауд риалынан берген. Королдің жақсылығынан әлеуметтік жәрдемақы алатын, мүмкіндігі шектеулі жандар да құр алақан қалмайды.

ukaz-korolya-saudovskoy-aravii1

Король әлеуметтік қорғау министрлігімен келісе отырып, ресми тіркелген қайырымдылық қорларына 2 миллиард доллар, біріккен кәсіподақтарға 10 миллион риалдан берген. Бір қызығы қатаң режимге негізделген, мұсылман елдің басшысы тұрғындармен әлеуметтік желіде де еркін сөйлесе береді екен.

ukaz-korolya-saudovskoy-aravii2

Ол сондай-ақ, өзінің Твиттердегі аккаунтында Алладан өз еліне көмек беруін, қызметінде абыройлы болуын тілеп, жазба қалдырған. Оның бұл жазбасына риза болған қолданушылар 175 мыңнан астам ретвит жасаған. Осы твитінің арқасында ол Твиттердің топ пайдаланушыларының қатарына бірден енген. Алты күннің ішінде 760 мың адам оны оқуға жазылған. Қазіргі таңда королдің жалпы оқырмандарының саны 1 миллион 860 мың.

Оқи отырыңыз:

Тележүргізушілер айқасы: Салтанат Қалиева мен Майя Бекбаева нені бөлісе алмады?

“Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

Алуа Қонарова: Мен Баянмен татуласқым келген

Эстрада жұлдыздары баласын соққыға жыққан безбүйрек ана туралы пікір білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар