Сарапшы: Оқ желке тұсынан 6-20 сантиметр қашықтықта әдейі атылған

Америкалық мамандар Ержан Тәтішевтің қаруынан оқ “абайсызда атылуы мүмкін” дегенді жоққа шығарды. 12-ші калибрлі мылтықтың шүріппесі адам қолымен басылған. Таразда белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге қатысты жүріп жатқан сот процесінде мұхит асып келген мамандар осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.


“Қарудың ақауы болмаған. Сондықтан шүріппенің өздігінен басылып кетуі мүмкін деген сөз ақылға қонымсыз. Себебі, Тәтішев өзінің қаруына өте мұқият қарап, оны мамандарға үнемі тексертіп тұрған екен. Сондықтан біз марқұмға оқ желке тұсынан әдейі атылған деген қорытынды шығардық. Ол шамамен 6 және 20 сантиметр арасындағы қашықтықтан атылған”, — дейді криминалистік сарапшылар тобының жетекшісі (АҚШ) Майкл Патрик Мерфи.

Бұған дейін қаруға қатысты отандық мамандар 4 мәрте сараптама жүргізген. Бірақ нәтижелері қарама-қайшы болған. Яғни екі сарапшы Тәтішевтің мылтығынан оқ әдейі атылған десе, екеуі керісінше қорытынды шығарған. Сондықтан марқұм банкирдің жақындары бұл іске соңғы нүкте қою үшін америкалық мамандарға жүгінуге мәжбүр болыпты. Шетелдік сарапшылар өткен жылдың қыркүйек айында іске кірісіп, алты айдан соң қорытындыларын жария етті.

Айта кетейік, Таразда “Тұран Әлем Банкінің” бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қаралуда. Айыпталушы орындығында шыны королі Мұратхан Тоқмәди отыр.

Тағы оқыңыз:

Жағдайымды айтсам жылап жіберемін: Күйеуі мен үш баласын асырап отырған ақтөбелік келіншек жанайқайын айтты

Синоптиктер: Қазақстанда тағы да аяз болады

Алматы облысында ауруханаға түскен 4 жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

Жеті баласынан көз жазып қалған ана отбасымен 22 жылдан кейін қауышты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар