Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: Қазақстанда қыз алып қашуға байланысты арнайы бап жоқ

Қазақ халқында ерте заманнан бері қыз алып қашу салты бары белгілі. Бұл жөнінде танымал адвокат, сарапшы Жоха Өтебеков айтып берді.

похищение

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жақында ғана Жұлдыз Ерманова есімді бойжеткен жоғалып кетіп, кейіннен оны алып қашып кеткені белгілі болды.

«Біздің елімізде қыз алып қашуға байланысты арнайы бап жоқ. Тек «Адам ұрлау» бабы ғана бар. Алайда, қыз алып қашу оқиғасының бәрі сотқа жете бермейді. Мен Женева қаласына есеп беруге барғанымда, біздің билік қызметкерлеріннен неліктен қалыңдықтарды көп ұрлайтынын сұрады. Алайда, біздің үкіметтегілер ондай жағдайдың көп еместігін, былтырғы жылы тек 7 оқиға тіркелгенін айтты», -деп мәлімдейді Өтебеков.

Қыз алып қашу – үйлену ғұрпының бір түрі.

Дәстүрлі қазақ қоғамында кейде жол-жоралғы жасап, қалың мал беруге шамасы келмейтін жігіттің ұнатқан қызын өзара келісімнен кейін алып қашуы орын алған. Екі жастың ата-аналары арасында келісім болмаған және қызды өз еркінен тыс алып қашқан жағдайда жігіт жағы ара ағайын мен билер кеңесінің шешімі бойынша айып төлеуге тиіс болды. Алайда екі жақ өзара келісе алмай Қыз алып қашудың соңы үлкен жанжалға ұласатын кездер аз болмаған. Сондықтан қазақ қоғамы “Жер дауы мен жесір дауына” жол бермей, ел арасының ынтымағы мен тыныштығын сақтауға ұмтылған.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстанның жастары қыз алып қашу салтына қарсы шықты

Қостанайда “қыз алып қашу операциясы” полицияны дүрліктірді

17 жастағы қызды алып қашқан Түркістан азаматы сотталды

Талқылау