Сара Назарбаеваның туған күніне орай барлық мектепте арнайы сабақ өтілді

Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы 12 ақпан күні 77 жасқа толды.

Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы.

Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән берді.

Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда.

Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.

Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді – өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.

Оқи отырыңыз:

Жаңа тағайындалған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз?

Әлия Назарбаева: Қызымнан кешірім сұрап, екеуіміз де жылап алдық (видео)

Экс-депутат Әблязовтың зәулім сарайын көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар