Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа тағайындалған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз?

Елбасы жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.

Сурет: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтынан алынды.

Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп,  Stаn.kz хабарлайды.

Ашық дерек көздеріне сәйкес, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы дүниеге келген. Әбілқасымова Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1999 жылы халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Жаңа тағайындалған министр өз мансабын стратегиялық жоспарлау агенттігінде бастады. Онда ол бас маман болған. Әбілқасымова 2003-2004 жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде,  2004-2006 жылдары маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығында жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары болып тағайындалды. Бір жылдан кейін экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды.

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

Өткен жылдың наурыз айында Әбілқасымова Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге шақырылды.

Жұма күні Елбасы жарлығымен Әбілқасымова Тамара Дүйсенованың орнына тағайындалды.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев министрге: Мына жұмыстан шаршадың ба әлде? 

Теміртаудағы қыз өлімі: Туыстары 10 жасар Ксенияның қауіпті ойынға кіргеніне сенбейді 

Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді 

Назарбаев қазақша сөйлемеген Қызылорда әкіміне ескерту жасады 

 

Талқылау