Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаудағы қыз өлімі: Туыстары 10 жасар Ксенияның қауіпті ойынға кіргеніне сенбейді

Ал туғандарының айтуынша, 10 жастағы Ксения Белозерова үйінде жаттығу жасап жүргенде абайсыздан мойынорағышына қылғынып қалыпты. Ауыр атлетикамен айналысқан озат оқушы үнемі үйде жаттығатын еді дейді олар. Полицейлер болса, әзірге бұл іс жайлы ешбір ақпарат бермей отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

Мектеп үшін бұл оқиға оңай тимеген секілді. Өйткені кеше ғана сабақтан ойнап күліп кеткен баланың бүгін жоқ екеніне ешкім сенер емес. Оқушылар дәлізге Ксенияның суретін қойып, қайғыра көңіл айтқан сөздерін де жазыпты. Мұғалімдері марқұмды ақылды қыз еді дейді. Оқуда алдына жан салмаған, спортта да нәтиже көрсетіп келе жатқан. Қыз өліміне байланысты желіде желдей тараған ақпарат жалған екен. Туғандары мен мұғалімдері 10 жасар қыздың желідегі қауіпті ойындармен байланысы жоқ дейді. Қызда тіпті ұялы телефон да болмаған екен.

«Кеше ғана математикадан суммативтік емтихан тапсырып жақсы баға алды. Қуанып кеткен. Өзіне қол жұмсады дегенге сенбеймін. Ашық жарқын, оқуда озат еді. Ғаламторға кіретіндей телефоны да жоқ. Сондықтан қауіпті ойынның құрбаны болды деуге негіз жоқ»,- дейді №1 мектеп директорының орынбасары Жанна Исмайылова.

Ақпанның 3 күні Қарағандыда 7 сынып оқушысы асылып өлген болатын. Дегенмен 14 жастағы Настя Изотованың өліміне байланысты полиция өзіне қол жұмсауға итермеледі деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті ретінде оның желідегі танысы танылып отыр. Ол жеткіншекті өлім тақырыбына тартып, өзіне қалай қол жұмсау кереттігін тәптіштеп түсіндірген дейді жақындары. Полиция мен прокуратура екі өлімді бір бірімен байланыстырмайды, бірақ толыққанды ақпарат та бермей отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте қайырымды жігіт пойыз астына түскен қызды құтқарып, өзі көз жұмды 

Талдықорғанда жемқорлыққа қарсы бюроның есепшісі қызмет орнында асылып қалды 

Шымкентте қаскөйлер анасы мен екі ұлын өлтіріп кеткен 

Теміртаудағы 10 жасар қыз өзін шарфпен буындырып өлтірген 

 

 

Талқылау