Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санда 300 м биіктіктен секіріп қорқынышын жеңді (видео)

Әнші 300 м биіктіктен парапланмен секіріп қорқынышын жеңді. Бұл оның көптен бері жоспарлап жүрген мақсаты екен.

image

Фото: instagram.com/sanda_singer/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық шоу бизнесте әнші Санда өзінің сабырлы мінезімен ерекшеленеді. Бала күнінде де өте ұяң болған екен. Сұхбаттарының бірінде өзінің тым жуас әрі қорқақ екенін айтқан болатын. Ал туған сіңлісі керісінше батыл әрі өр мінезді екен. Әнші осы қорқынышын жеңгісі келсе керек, 300 метр биіктіктен секірді. Ләззат алып, ерекше күйге бөленгенін айтып жатыр.

“Мен ешнәрседен қорықпаймын. Алғаш рет парапланмен секірдім. Бір грамм қорқыныш болмады. 300 м биіктікте бірінші рет құстай қалқыдым. Керемет әсерге бөлендім! Бастарыңыз айланбаған болса, әлі 1 000 м биіктіктен қалай секіретінімді тамашалаңыздар”, – дейді Санда.

Бойжеткеннің бұл батылдығына желі қолданушылары қайран қалды. “Есінен адасқан қызсың ғой”, “Мен енді тек сіздің жанкүйеріңізбін”, “Биікте селфи жасаймын деп жазатайым болып жүрме” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Санда тыңдармандарына ұнамай қалған бейнебаянын 150 долларға түсіргенін

Санданың Батумиде түсірген бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)

Санда кезекті бейнебаянын Батуми қаласында түсіріп жатыр (фото)

Тұрмысқа шыққалы жүрген Санда құрбыларымен “қоштасты” (видео)

Талқылау