Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санда: 11 жыл араласпаған әкемді жуырда өзім іздеп бардым

Санданың шынайы өмірдегі болмысы мен сахнадағы кейпін салыстыруға болмайды. Себебі, әнші шын мәнінде өте ұяң, арық әрі ашық жарқын. Ол кезекті сұхбатында ата-анасының ажырасуының өзіне қалай әсер еткенін, өнерге қалай келгені мен болашақ жары туралы айтып берді.

image

Фото: instagram.com/sanda_singer/

Бұл туралы Гәкку арнасына берген сұхбатында баяндады.

Есею жылдары мен мінезіндегі өзгерістер

Үнемі күлімсіреп, әр күнін ерекше бағалайтын бала болып өстім. Осы қасиетім әке-шешеме қуаныш сыйлайтын. Кішкентайымнан ән салып, би биледім. Бірақ мектепке барған кезде қатты өзгеріп, тұйықталып қалдым. 4-сыныптың соңында пысық құрбым екеуіміздің қойылым қойғанымыз есімде. Сол кезде менің рөлді әсерлі ойнағанымды көріп әке-шешем мен ұстаздарым қайран қалған болатын.

Дәл қазір осы сәтті еске алсам болды бойымды билеген қорқыныштан бір-ақ сәтте арыламын. Сол қойылымнан кейін өмірге қайта келдім десем де болады. Бір қызығы, менің әке-шешем де, туған-туыстарым да ән айтпайды. Мүмкін әнші болуыма “Сандуғаш” есімім әсер еткен шығар. Себебі ол “Сайраған құс” деген мағынаны білдіреді. Айтпақшы, өзім есімімді қойған әпкеме қатты ұқсаймын.

Қазір өткен өміріме үңіле отырып, мінезімнің түбегейлі өзгеруіне алып келген бірнеше фактор болғанын түсінемін. 11 жасымда әке-шешем ажырасып, мен 10 жылға жуық уақыт туған әкеммен араласпадым. Жуырда ғана өзім бірінші қадам жасап, оны іздеп бардым. Бұл әрекетімді есейгендігімнің белгісі деп білемін. Десе де, мұндай қадамға барамын деп еш уақытта ойлаған емеспін.

13774180_1089005241194146_2109745850_n

Фото: instagram.com/gakkutv/

Ешкім де мінсіз емес, сондықтан адамдарды бар күйінде қабылдай білу қажет. Осындай отбасында дүниеге келген екенмін, ниетімнің осыған сай болғаны. Негізі барлығын “босатқан” кезде кәдімгідей жеңілдеп қаласың. Мен үшін бұл ұзақ үрдіс болды. Тұйықталып қалған сәттен бастап бұл үрдістің әлі де жүріп жатқанын түсінген болатынмын. Жаратқан біздің төзімділігіміз бен ерік-жігерімізді тексеру үшін түрлі сынақ жібереді. Ең бастысы, мұндай ситуацияларда өзіңді жоғалтып алмау. Өткенге алғыс айтып, алда күтіп тұрған оқиғаларға тек қана “Иә!” деу керек.

Анашым екеуіміздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Мінезі өте жұмсақ, сезімтал жан болғандықтан, оған көп нәрсе айтпауға тырысамын. Алайда перзентін сүйген ана ретінде ол маған үнемі қолдау көрсетіп, түсіністікпен қарайды. Өмірімде өзіндік орны бар адамдардың бірі – өгей әкем. Екеуіміздің қарым-қатынасымыз өте жақсы, ол маған туған әкемді алмастырды. Ол да мені кез келген сәтте қолдап, бағыт-бағдар беріп отырады. Соның кеңесімен өнер жолына келген болатынмын. Менің танымал жұлдыз болатыныма сенім артқан бірден бір адам сол кісі.

Махаббат туралы

Шынайы махаббатты әлі күнгей дейін сезініп көрген емеспін. Махаббат сезімін “тестілеуден” өткізгім келмейді. Өмірімде барлығының шынайы болғанын қалаймын. Мен үшін болашаққа алаңдаудан, әр күнімді ойдағыдай өткізудің маңызы зор. Сүйген адамыма деген сезімімнің, 15 жылдан кейін болашақ үйімдегі түсқағаздардың түсі қандай болатыны туралы ойлағым да келмейді.

Ал маған қандай жігіттер ұнайтынын білгілеріңіз келсе, ол алдымен ақылды, батыл, игі істерге құмар жан болуы тиіс. Болашақта мені өзі қалағандай етіп өзгертпей, осы күйімде қабылдай білетін жан жолықса деймін. Оған жүрегіме жиналған махаббатты сыйлап, толықтай сенім артқым келеді. Отбасын құрып, балапандарыма жақсы тәрбие беруге де асықпын.

Ал балалы болғанға дейін рухани өсуім қажет. Ана болу – әйел адамның өмірлік парызы. Дәл қазір барлық жағдай жасалған. Әйел адам отбасы мен мансабын қатар алып жүре алады.


Жіберіп алмаңыз:

Тұрмысқа шыққалы жүрген Санда құрбыларымен “қоштасты” (видео)

Санда тыңдармандарына ұнамай қалған бейнебаянын 150 долларға түсіргенін

Санданың Батумиде түсірген бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)

Санда кезекті бейнебаянын Батуми қаласында түсіріп жатыр (фото)

Талқылау