Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Самат Смақовтың үстінен полицияға шағым түсті

Бұрынғы футболшы Самат Отарбаев «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақовқа қатысты шара қолдануды талап етті.

Самат Смақов

Бұл туралы «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

1 қарашада «Ақтөбе» клубының бұрынғы футболшысы Самат Отарбаев полицияға шағымданған. 28 жастағы қақпашы клубтың бас директоры Самат Смақовқа шара қолдануды талап етті. Айтуынша, Смақов оған жалақысын төлемеген.

Десе де бұған қатысты сот қаулысы бар. Сот материалдарына сәйкес, Отарбаев «Ақтөбе» клубына былтырғы жылдың 5 қаңтарында келген. Ол ай сайын 3,6 миллион теңге жалақы берілетіні туралы көрсетілген келісімшартқа қол қойған. Бүгінде клуб футболшыға 13 миллион теңгеге жуық ақша қарыз. Отарбаев сотта жеңіп шығып, ақшасын қайтаруды талап етті.

Ал «Ақтөбе» футбол клубындағылар Самат Отарбаевқа 4 қарашада сот белгілеген соманың төленгені айтты.

Бүгінгі таңда сотта футболшылар Томаш Шимкович, Андрей Сидельников, Игорь Зенькович, Кирилл Шестаков пен Джозеф Нейннің осыған ұқсас қуынымдары қаралып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау