Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева: Жұлдыз тұрмысқа шықпаса, бәрімізден мықты актриса болар еді (фото)

Қайрат Нұртас қалың көпшілікке жұбайын таныстырғалы, ғаламтор тұтынушылары соңғы екі күнде Жұлдыз жайлы жаңалықтардан көз ашпай келеді. Бұл жолы 10 жыл бойы «жұмбақ жанның» кейпіне енген құрбысы туралы актриса Салтанат Бақаева Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында іштегі бар сырын ақтарды.

«Жұлдыз екеуіміз негізі театрда бірге бастаған болатынбыз. Мен Әуезов театрының алдында Ғабит Мүсірепов атындағы театрда жұмыс істегенмін. Сол сәтте біз «Тазша бала» деген спектакльді қойып жатқанда Жұлдызбен танысқан болатынмын. Сол кездері жұмыс барысында жақсы араласып кеттік», – дейді Жұлдызбен алғаш таныстығын еске алған Бақаева.

Сонымен қатар, бір театрда қызмет еткен қос құрбы бір-бірінен ешқашан құпиясын жасырмаған. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын Жұлдыз тұрмысқа шығар сәтте, жеке өміріндегі жағымды жаңалықты бірінші болып дәл осы Салтанатқа жеткізген көрінеді.

«Бір күні гастрөлдік сапармен Астанаға барғанда, сол кезде есімді «Салтанат, мен тұрмысқа шығайын деп жатырмын», – деп айтқан болатын. Бірақ, әрине ол кезде Қайрат бүгінгідей атақты әнші емес. Енді-енді сахнаға қадам басып келе жатқан әншілердің бірі болатын. Мен бақытты бол деп айттым. Содан кейін қарым-қатынас үзіліп, араласпай кеттік. Бірақ, 1-2 жылдан кейін екеуіміз қайтадан бір-бірімізді тауып, достығымыз ары қарай жалғасып кетті», – дейді актриса.

Естеріңізде болса, Қайрат жұбайын жасырған жылдары, ғаламтор қолданушылары қос құрбының бірге түскен суреттерін тек Салтанаттың парақшасынан жиі көретін еді. Алайда, осы уақытқа дейін ешкімге тіс жармаған  Бақаева бұл жолы ақиқатты айтуға әзір.

«Ол Жұлдыздың қонақжайлылығы. Мен Астанаға барсам, сен Астанада екенсің ғой, кел үйге шәй ішіп кет деп шақырады. Кейде өзім еркелеп, Жузи келсем болады ма десем, оның есігі әрқашан ашық және дастарханы кең. Жақсы келін, біріншіден адал дос. Қатты бір кеңес керек кезде, міндетті түрде Жұлдызға хабарласамын», – дейді қиын кезде Жұлдыздың қолдауына зәру болған Салтанат.

Бүгінде Қайрат пен Салтанаттың жары Нұржан жақсы дос. Тіпті, қос құрбының құлыншақтары да бір-бірін танитын болып шықты.

«Біздің үйде бір отырыста балаларымызды таныстырған болатынбыз. Бірақ, Жұлдыз Алматыға көп келмейді, өкінішке орай! Сондықтан, балаларымыз жиі кездесе алмайды», – деп сырымен бөліскен Салтанат, Қайраттың жұбайы мен балалары бүгінде бас қалада тұратынын айтады.

Салтанат Жұлдыздың жұлдызы жанатынына сенімді. Өйткені, Қайраттың жұбайына кезінде ұстаздары да жоғары бағасын беріп қойған көрінеді.

«Жұлдыз – өте талантты актрисалардың бірі. Оның ең бастысы «стержень» дейді ғой сол мінез бар. Сол мінез актерларға нағыз керек нәрсе. Рөліңді биік деңгейге жеткізуге септігін тигізеді. Мысалы, мұғалімі де өте талантты. Ол кісі Жұлдыздың әрқашан талантты жан екенін, егер тұрмысқа шықпаса сендерге күшті конкурент болатын еді деп айтып жүретін», – деп ағынан жарылған Салтанат, Жұлдыздың талантты актриса екенін де жасырмады.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова  түскен «Арман» атты кинокартинаның тұсауы кесілген-ді. Аталмыш кеште хитмен жұбайын алғаш рет дүйім жұртқа ресми түрде таныстырған болатын.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің жары Толқынға арнаған әні қалың көрерменді жылатты (фото, видео)

Дизайнер Жадоның ел білмейтін мамандығы қандай? (видео)

Қайраттың әкесі: Мен келінімді төбеме көтердім, өз балаларымды да олай ұстаған емеспін

Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)

Талқылау