Қайраттың әкесі: Мен келінімді төбеме көтердім, өз балаларымды да олай ұстаған емеспін

Сейсенбі, 10 Қазан , 2017 18:04

Соңғы 10 жылда Айдарбековтер әулетіне жиі жолдаған сауалдың жауабын беруге Қайраттың ата-анасы тас-түйін дайын. Күні кеше бұл отбасы жұрттан жасырған келінді таныстырып, тіпті Жұлдыз Әбдікәрімованың актрисалық мансабына да жол ашып берген болатын. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Үсенқызы бұл жолы ақиқатты айтуға әзір.

«Жасырған себебіміз, бірінші Қайратымыз тәй-тәй басып өнерге келгеннен кейін, біз бар күшімізді осыған салдық. Ең бірінші отбасы болғаннан кейін, ол отбасында бала-шаға болуы керек. Сол бала-шағаның тәрбиесіне көңіл бөлу керек болды. Сондықтан, біз Жұлдызды жасырып ұстадық. Екіншіден, түсінген адамға Қайрат өнер адамы, халық Қайраттың тек өнерін ғана алу керек деген ойда болдық. Жұлдыз үйде бала-шаға бағумен, ұлдарын, қыздарын тәрбиелеп отырды», – деп ашығын айтқан Нұртас Айдарбеков Жұлдызды жасырудағы себебін дәл осылай түсіндірді.

Алайда, соңғы 10 жылда бұл отбасы талай мәрте сынның садағына іліккендерін айтады. Тіпті, келіндерін көпшілік көзінен тасада ұстаған танымал жанұяның намысына тиіп, тіл тигізгендердің санында шек жоқ көрінеді. Алайда, Қайраттың әкесі, Жұлдыздың балқып-шалқып өмір сүргенін айтады.

«Менің отбасымда қыз болған жоқ. Жұлдыз біздің қызымыз болды. Сол кезде сұрақтар жазып жататын. Осы сіз Жұлдызды «құл» қылып ұстап отырсыз ба деген сұрақтар болды. Өзімнен туған баламның сүйіп алған жарын «құл» қылып ұстау деген ой менің мына миыма сыймайды. Мен шынын айтайын, Жұлдыз менің төбемде жүрді. Отбасымызда ең жоғарыда мен қызымды ұстап жүрдім. Мен өзімнің балаларымды олай ұстаған емеспін. Құдайдың алдында да, адамның алдында да осылай айтамын».

Желіде  жағымыз пікір жазып, қытығына тигендерге Нұртас мырзаның жауабы осындай.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Қайрат пен Жұлдыз отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың тізімін толықтыратын болады. Осы уақытқа Қайраттың қанатын қатайтқан ата-ана, енді келінінің өнер жолындағы жұлдызын жағуға белін бекем буып отыр.

«Қайрат бүгінде құдайға шүкір, ел алдында ән салып жүр. Енді барлық күшімізді Жұлдызға саламыз. Бұдан былай ел назарында жүреді. Жұлдыздың жұлдызын жарқыратуға тырысамыз», – дейді Жұлдыздың атасы.

Сондай-ақ, тыңдарманды тосын-сыймен тәнті қылуға құштар Гүлзира ханымның жұртқа беймәлім жұмбақтары мұнымен шектелмейтын болып шықты.

«Келешекте Алла қаласа, Қайрат пен Жұлдыздың балаларын көрсетеміз. Оған да дайын болыңыздар. Енді менің «сюрпризді» өте жақсы көретінімді білесіздер. Ол да бір «сюрприз» болып қала тұрсын. Фильмді түсірудегі басты мақсат – Жұлдыздың қанша уақыт оқып, актриса болсам деген арманын орындау болды», – деп тұсаукесерге келген көпшіліктің санасын сан-саққа жүгірткен пысық продюсер жуырда дүйім жұртты тағы бір мәрте тосын-сыймен таң қалдыратынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз:

Әкемнің орнында болсам, мен де ажырасар едім: Мұхтар Тайжан жеке өмірі мен отбасы жайлы алғаш рет ашық айтты

Нұрбигүл лауазымды қызметтегі азаматқа тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

Қызылордада 20 жыл мектеп директоры болған азамат мал ұрлап істі болса да ұстаздығын жалғастыруда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар