Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дизайнер Жадоның ел білмейтін мамандығы қандай? (видео)

Дизайнер Jado -ның ел білмейтін тағы бір қыры бар. Бұған дейін Jado ханымды көпшілік дизайнер, продюсер, биші ретінде танитын. Алайда, бикеш болашағын ойлап өнерден өзге де мамандықты игеріп алыпты. Бұл туралы Stan.Kz тілшісіне берген сұхбатында баяндады.

-Jado ханым, мылтықты қолға алып, мергендікті сынауға жиі келесіз бе?

– Күнде деп айта алмаймын. Көбіне дизайнерлік жұмыспен жүрген кезде уақыт бола бермейді. Алайда, реті келсе осылай демалғанды өз басым жақсы көремін. Лəззат аламын.

– Алғаш рет суық қаруды қашан қолыңызға алып едіңіз? Қандай сезімде болдыңыз? 

– 18 жасымда ең алғаш қолыма қаруды ұстадым. Əрине, қыз бала болғандықтан, аздап үрей мен қорқыныш болды. Бірақ, майысып тұруға уақыт жоқ. Себебі, біздің мамандығымыз ширақтық пен батылдықты қажет етеді.

– Кешіріңіз, сондай біз білмейтін тағы бір мамандықты меңгердіңіз бе?

– Менің екінші мамандығым – заңгер. Тіпті, Ішкі Істер Департаментінің 75/52 бөлімінде қызмет еттім. Кіші лейтенант деген шенім бар. Сол жұмыс жасап жүрген кезімізде əр апта сайын біздің мергендігімізді сынауға алып баратын. Сол кезде ең жақсы атқыш деп таңдап екінші деңгейдегі “Қайсар” марапатын табыстаған.

– Керемет. Болашақта бұл қабілетіңізді шыңдау ойыңызда жоқ па?

– Жоқ, бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін сала ғой. Оның үстіне қару ұстауға үлкен жігер мен күш керек. Ал, мен осы қазақ халқын киіндіре беруді жөн санаймын. Ұжымдастарыммен бірге жаңа коллекциялар ойлап тауып, шетелде қазақ елінің туын биік көтерсек үлкен мəртебе, үлкен жетістік пен жеңіс деп білемін.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Журналист Байсемізова “кәрі қыздарға” арнап тренинг өткізіп жүр (фото)

“Қазақ жігіттерінен мықты емес”: Байсемізова шетелдікке тұрмысқа шығудың кемшілігін атады (фото)

Төреғалидің жары Толқынға арнаған әні қалың көрерменді жылатты (фото, видео)

Қайраттың әкесі: Мен келінімді төбеме көтердім, өз балаларымды да олай ұстаған емеспін

Талқылау