Салтанат Бақаева өзін алдап соққан бойжеткенді тапты
Күні кеше “Арнау” тобының солисі Салтанат Бақаева өзінің алаяққа алданып қалғаны туралы айтқан болатын. Тіпті бейтаныс бойжеткеннің суретін жариялап, одан сақтануға кеңес берген. Енді міне әнші әлгі қызды қолға түсіргенін айтып, сүйінші сұрады.

Фото: instagram.com/saltanat_bakaeva/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева Егамбердиева Әсем Сәбитқызына алданып қалғанын айтқан болатын. Бұл бойжеткен әншіге тиесілі заттарды алып кеткен көрінеді. Десе де, бір апта ішінде әлгі бойжеткенді полиция қызметкерлері ұстап алған.

“Өзімнің туған ағамның, полиция қызметкерлерінің және сүйіктімнің арқасында әлгі бойжеткенді ұстадық. Ұры әйтеуір табылды ғой”, – дейді Салтанат Бақаева.
Әнші бұл бойжеткеннен алдағы уақытта да сақтануға кеңес береді.
Оқи отырыңыз:
Салтанат Бақаева алаяқ бойжеткеннің құрбаны болды
Салтанат Бақаева ағасының бәріне пайдасы тиер ақылымен бөлісті
Енесі: Алғашында Салтанат тамақ пісіре алмаймын деп шошытты
Салтанат Бақаева: Ата-енем барда жолдасым маған опасыздық жасамайды
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан