Салтанат Бақаева: Ата-енем барда жолдасым маған опасыздық жасамайды

Сәрсенбі, 11 Мамыр , 2016 13:04

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева өзі армандаған жұмысқа таныс арқылы орналасқанын айтып, ата-енемен бірге тұрудың пайдасымен бөлісті.

image

Фото: instagram.com/y_li_photography1/

Актриса бұл туралы Астана арнасының “Сырласу” бағдарламасында айтып берді.

“Арнау” дуэтінің солисі Салтанат Бақаева Нұржан есімді азаматқа тұрмысқа шығып, бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының актрисасы. Аталған театрға үш рет келіп, үш ретте де жұмысқа тұра алмаған. Бүгінде жұрт арасында Бақаеваның театрға Роза Қуанышқызы мен қайын апасы Дәрия Жүсіптің арқасында орналасқаны туралы сөз тараған. Актриса ағынан жарылып, өзі көптен армандаған театрға қалай орналасқанын айтып берді.

“Қайын апамның көмегі көп тиді деп айта алмаймын. Жалпы театрда болуыма Роза Қуанышқызы көп септігін тигізді. Бәлкім сол сәтте маған сеніп, бойымнан шынайы талантымды байқаған шығар. Төртінші курсты тәмамдаған соң жарты жыл уақыт жұмысқа кіре алмай жүрдім. Сөздің шыны керек, Есмұхан аға мені үш рет жұмысқа қабылдамай қойды. Басқа театрға барғым келмей жылап жүрдім. Ал Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрына екінші курста жүріп-ақ  іліккен болатынмын. Кейін НұрОтан партиясының бас менеджері болып жұмысқа тұрдым. Осылай жүргенімде Роза апайды жолықтырып, ол кісі театрда жұмыс істемейтінімді білді. Кеште қоңырау шалып, ертең театрға тыңдалымға баруым керектігін айтты. Ол кісі – тұлға, ал мен ше?! Тіпті таңертең тыңдалымға менімен бірге барған кезде қатты таңқалдым. Жұмысқа сол кісінің арқасында тұрғанымда ешқашан жасырған емеспін”, – деп Салтанат Бақаева ел аузында жүрген сөзді растады.

13116808_1541328039508052_781795031_n

Актриса өзін жақтырмайтын адамдардың да бар екенін айтып өтті. Олар өздерінің жағымсыз пікірлерін инстаграм желісі арқылы білдіреді екен.

Журналистің “Бүгінгі шығармашылығыңызға көңіліңіз тола ма?” деген сұрағаны “Әншілік жағынан, әрине, менен де мықты әншілер бар екенін мойындаймын. Жанымда жүрген Нұржанның өзінен көп нәрсені үйренуге болады. Даусы мықты, шеберлігі мен техникасы өзгеше. Эстрадалық вокал мүлдем басқа болғандықтан, Нұржан маған көп кеңес беріп отырады. Оған алғысым шексіз. Десе де, әнші ретінде әлі де өзіме қанағаттанбаймын. Себебі әлі де көп жұмыс істеуім керек. Өзімді жеке әнші ретінде тіпті елестете алмаймын. Нұржанның қасында жүріп үйреніп қалыппын. Қазір бірнеше жаңа ән жаздырдым. Оларды той-томалақта, қонақтардың алдында орындаған кезде кәдімгідей қобалжимын”, – деп әлі де еңбектене түсетінін айтты.

Мұнымен қатар, жолдасының өзіне қойған талап-тілектерімен бөлісіп, ата-енесімен бірге тұрудың пайдалы тұстарын айтып өтті. Жолдасы Нұржан әлеуметтік желіге қызығып, өзі отырмаса да, Салтанаттың парақшасын жиі тексеріп, жігіттермен суретке түсуге тыйым салады екен. Актриса да өз кезегінде отағасының айтқан сөздерін құп көріп, оған бағынтынын жеткізді.

13102420_847959108667241_650432391_n

“Ол менің парақшамды былайынша тексеріп отырады. Маған қойған шарттары бар. Соларды орындап отыруым керек. Мысалы, жігіттермен бірге суретке түсуге болмайды. Тек әріптесім Нұржанмен суретке түсуге рұқсат береді. Екеуі өте жақсы араласатындықтан, мені одан қызғанбайды. Әйелі болғандықтан, оны сыйлап, айтқандарын орындаймын”, – дейді актриса.

Отбасын құрғанның 3-4 айында жолдасымен қатты ренжісіп, ары қарай барлығының жақсы болатынына күмәнданған сәттері болған екен. Бірақ қазір ол кезеңнен толықтай өткенін айтады. Өзі гастрөлдік сапарға кеткен кезде ұлдарына ата-енесі қарап, әрдайым қолдау көрсетіп отырады екен. Актриса ата-енесінің барында жолдасының жаман жүріске басып, оғаш қылық танытпайтынын тілге тиек етті.

“Мен әр нәрсенің шегі бар екенін түсінбейтіндей ақымақ қыз емеспін. Жаңа отбасына келген соң ол бөлек мемлекет сияқты көрінеді. Мен тәрбие алған отбасының заңдары басқа болған. Дегенмен бес жылдың ішінде жақсылап үйренісіп кеттім. Қазір өз үйімнің заңдары өзіме жат болып тұрады. Анам кейде “Сен қатты беріліп кеттің” деп айтады. (Күлді). Осы күнге дейін сөмке жинаған сәттерім болмапты. Отбасы болған соң кішігірім ұрыс болып тұрады. Гастрөлдік сапарға кеткен ата-енемнің арқасында ұлдарым мен жолдасым жалғыз қалмайды. Ондайда ер азамат іші пысып не істесем екен деген оймен достарына хабарласады. Содан жаңағы басқа жүрістер басталады”, – деп актриса үлкендер бар жерде артық мінез көрсетуден өзі де тартынатынын айтты.

13129621_582723931914295_1674984586_n

Қыз күнінде тамақ жасап көрмеген Салтанат бүгінде бір шаңырақтың отынан түтетіп, үй шаруасын домалататынына мақтанатынын жасырмайды.

Салтанат Бақаева 1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Небәрі 5 жасында Күләш Бәйсейітова атындағы музыка мектебіне түсіп, жалпы домбыра мен фортепиано сыныбын тәмамдаған. 2005 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына түскен. Аталған ЖОО-да музыкалық театр мен кино мамандығы бойынша білім алады. Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында жұмыс істеген. Дәл қазір Мұхтар Әуезов академиялық драма театрының актрисасы. Осы күнде ата-енесімен бірге тұратын Салтанат жолдасы екеуі екі ұл тәрбиелеп отыр.


Оқи отырыңыз:

Салтанат Бақаева ағасының бәріне пайдасы тиер ақылымен бөлісті

Енесі: Алғашында Салтанат тамақ пісіре алмаймын деп шошытты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар