Енесі: Алғашында Салтанат тамақ пісіре алмаймын деп шошытты

Жұма, 22 Сәуір , 2016 16:55

“Арнау” тобының солисі әрі актриса Салтанат Бақаева келін болып түскенде картоп қуыра алмайтынын айтып енесін шошытқан.

image

Фото: instagram.com/saltanat_bakaeva/

Нұржан есімді азаматқа тұрмысқа шыққан Салтанат Бақаева бірнеше жыл бұрын үлкен ұлы Әмірді дүниеге әкелген болатын. Әншіні көпшілік жан-жақтан құттықтап, қуанышын бөлісті. Араға біраз уақыт салып осы көрініс тағы бір мәрте қайталанған-ды. Бүгінде әнші әрі актриса Салтанат Бақаева киелі шаңырақтың отанасы. Енесі актрисаның алғаш келін болып түскен күндерін еске алып, картоп қуыра алмаймын деп өзін шошытқаны туралы отандық бағдарламалардың бірінде айтып берді.

Бүгінде картопқа байланысты оқиғаны енесі ғана емес, әншінің өзі де күліп еске алады. 5-12 сыныпта интернатта оқып, дайын асқа үйренгенін де жасырмайды.

“Мен бір жаққа кететін болдым. Салтанатқа “Әкеңе картоп қуырып бер” деп едім, “Картошка дейсіз бе, мен оны қуыра алмаймын ғой” деді. Осы кезде шошып кеттім. Артынша қалай қуыру керектігін үйреттім. Енді міне үш жыл бойы картоп пісіріп келе жатыр ғой. Қазір үйренді, бір жақсы жері талпынысы өте мол. Осы күнде барлығын өзі әзірлейді. Мен де жөнсіз түртпектей бермей, сұраған кезде ғана ақылымды айтамын. Өзі анасы үйреткен лағманды дәмді етіп әзірлейді”, – деп енесі осы күнде анасы мен туған қызындай жақсы сырлас екендіктерін жеткізді.

1208233_1201223619892674_1034120833_n

Енесі Тұрсынкүл апайдың әр айтқан сөзін әншінің өзі де растайды. Азық-түлік алуға көбінесе ата-енесі барады екен. Мұның себебін әлі күнге дейін азық-түлікті жақсы таңдай алмайтындығымен байланыстырды. Әсіресе ет таңдау қиындық соқтыратын көрінеді.

“Қыз кезімде мүлдем тамақ жасай алмайтынмын. Мен интернатта өстім, аптасына бір рет үйіне келетін балаға ата-анасы ас әзірлетпейтіні анық. Ара-тұра жұмыртқа қуырып беретінмін. Оның өзінде әкем ғана жеп, қалғандары жоламайтын. Қуырған жұмыртқа күйіп кетсе де, әкем көңіліме тимесін деген ниетпен өте дәмді екенін айтатын. Қазір барлығын енем үйретті, әлі де үйретіп жатыр”, – деп Салтанат Бақаева осы күнде тағамның түр-түрін әзірлей алатынын айтып өтті.

12677566_579490192226344_318040684_n

Салтанат Бақаева 1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Небәрі 5 жасында Күләш Бәйсейітова атындағы музыка мектебіне түсіп, жалпы домбыра мен фортепиано сыныбын тәмамдаған. 2005 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына түскен. Аталған ЖОО-да музыкалық театр мен кино мамандығы бойынша білім алады. Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында жұмыс істеген. Дәл қазір Мұхтар Әуезов академиялық драма театрының актрисасы. Осы күнде ата-енесімен бірге тұратын Салтанат жолдасы екеуі екі ұл тәрбиелеп отыр.


Оқи отырыңыз:

Салтанат Бақаева ағасының бәріне пайдасы тиер ақылымен бөлісті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар