Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева қайын әпкесінің алдауына түсіп қалғанын айтты

Салтанат Бақаева жары Нұржанмен танысқан сәтін еске алды. Ол 6 жыл бұрын қазіргі қайын әпкесінің алдауына түсіп қалғанын айтты.

18808909_1607234689310383_8211477308125478912_n

Бұл туралы “Той думан” арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театры ұжымына жаңадан қосылған Салтанатқа көңілі толған актриса Дария Жүсіп оны інісімен таныстырмақ болған. Сөйтіп, басқа себеппен Бақаеваны түскі асқа шақырған екен.

“Ең алғашқы кездесуіміз 6 жыл бұрын болды. Ең қызығы, біздің үйде болған. Бізді менің туған Дария әпкем таныстырған”, – деп еске алады Нұржан.

Ал Салтанат болса өзі келін болып түскен шаңыраққа алғаш қадам басқан күнін еске алды.

«Нұржанның Дария әпкесі ол – Дария Жүсіп, менімен бірге Әуезов театрында жұмыс істейтін белді, танымал актриса. Мен театрға келгенде Дария Жүсіп мені өте жақсы қабылдаған болатын. Бәлкім көңілінен шықтым ба, ұнатып қалды ма… Бір күні мені түскі асқа шақырды. Мүмкін інісіне қыз қарайлап жүрген кезі болған шығар. Ол кезде бойдақпын, көбінесе асханадан тамақтанамыз. Сондықтан қуана-қуана келістім. Содан кейін біз үйіне бардық. Дәмді етіп палау істепті. Бірақ мен ұялғанымнан тамақты көп жей алмадым. Өйткені Дария апайдың кішкентай балалары да, ата-енем де бәрі үйде болды. Өте қызық жағдай болды. Сол үйге келгенімде сол шаңыраққа келін болатынымды білмедім», – дейді Салтанат.

Салтанатты ұнатқанымен, Нұржан оны бірден кездесуге шақырмапты. Тек бір айдан кейін хабарласқан ол Салтанатты дегеніне көндіру үшін барын салған көрінеді.

«Дәл жаңа жылдың қарсаңы болатын. Неге сонша асықтыңыз, жұмыс көп, кейінірек кездесейік десем болмай қойды», – деді актриса ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Кемальдың мұңын пианиномен жеткізген Бақаева жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Сәбит Әбдіхалықов: Мен Алтынайды емес, Алтынай мені тастап кетті

Дастан Оразбеков қандай жағдайда келіншегімен айырылысуға дейін баратынын айтты

Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Талқылау