Сәбит Әбдіхалықов: Мен Алтынайды емес, Алтынай мені тастап кетті

Сәрсенбі, 28 Маусым , 2017 13:29

Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет Алтынай Жорабаевамен ажырасқанын мойындап, отбасылық өміріне қатысты шындықты ашып айтты.

сабит алтынай 280617

Бұл туралы актер Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Әбдіхалықов пен Жорабаева бақандай 16 жыл отасқан. Екеуінің үріп ауызға салғандай төрт сұлу қызы бар. Өкінішке қарай, айрандай ұйып отырған отбасы ойран болды. Бұған көпшілік Әбдіхалықовты кінәлайды. Тіпті, оны жас қызбен көңіл қосқан деп айыптаушылар көп.

Бір жылдан аса уақыттан бері ел аузында жүрсе де, не Әбдіхалықов не Жорабаева айырылысып кеткендеріне қатысты ауыз ашпады.  Қос өнер иесі де жеке өмірлеріне қатысты сұрақ қойғандардың бәрінен теріс айналды.

Алайда бұл жолы ашуға мінген Әбдіхалықов шыдамастан, бар шындықты жайып салды.

“Неге маза бермейсіздер, мен қыздарымды да ешкімді де тастаған жоқпын. Алтынай мені тастап кетті. Басқа сұрақ қоймаңыз.», – деді актер.

Сәбит Әбдіхалықов жеке өмірі туралы басқа сұрақтарға жауап бергісі келмейтінін айтып, өзін артық мазаламауды да сұрады.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін сізде Stan.kz редакциясының хат түріндегі рұқсаты болуы шарт! Ал эксклюзивті материалдарды жарияланған уақыттан 24 сағат өткен кезде ғана алуға болады!

Жіберіп алмаңыз: 

Қанат Айтбаев концертке Лара Фабианның не себепті келмегенін түсіндірді

Дастан Оразбеков қандай жағдайда келіншегімен айырылысуға дейін баратынын айтты

Әлем таныған Димаштың концертін сынап тастаған желі оқырманы елді шулатты

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Anonymous says:

    Онди еркекти еркек деп аитуға болмайды олеркек емес калып

  • Anonymous says:

    Ұл туып бермедің деп тастап кеткен шығар

  • Anonymous says:

    Сакау неме катын алғышын ай өзінің

  • Anonymous says:

    кина бир жактан болмайды ешким билмейди ортада не болганын сондыктан артык создин кажетии жок

  • Anonymous says:

    Əрине ар бір жас қыздарға көзін сузіп қарай берсе əрине тастап кетеді.Алтынай Жорабайваның не кінəсі бар Тəп тəтті ,суп суйкімді қыздар туып бергеніме .Туып бере алмай отырғандар қаншама.Баланың исін сағынып жургендер қаншама кун,ай,жылдар санап.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар